Республика күні қарсаңында Түркістан облысы, Сауран ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында №5 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа білім ордасы 600 оқушыға арналған, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, елді Республика күнімен құттықтады. – Баршаңызды жаңа білім ордасының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін міне, терең тарихымен, еңбекқор халқымен ерекшеленетін Сауран ауданында «Келешек мектептері» жобасы аясында 3-ші білім ұясы іске қосылуда. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Әрбір оқушының білім алып, жан‑жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» делінген тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асты. Бұл…
Автор: Лейла Болтаева
Республика күні Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жаңа Өнер орталығы ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты ашылу шарасына Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Қала басшысы тұрғындарды жаңа Өнер орталығының ашылуымен құттықтап, жаңа нысанның жас ұрпақтың шығармашылығын дамытуына, өнер мен білімге деген қызығушылығын арттыруға серпін беретін маңызды мәдени кеңістік екенін атап өтті. К.Бәйсеитов көшесінде орналасқан нысанға биыл маусым айында мердігер мекеме мен тапсырыс беруші арасында келісімшарт жасалып, үш ай ішінде орталықта ауқымды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қысқа мерзім ішінде толық жаңартылған ғимарат қазіргі заман талаптарына сай безендіріліп, пайдалануға берілді. Өнер орталығында 36 түрлі…
Биылғы жылыту маусымында Түркістан облысындағы жылыжайлар үшін 273 214 тонна көмір алу жоспарланған. Былтыр өңірдегі жылыжайлар 250 мың тоннаға жуық қатты отын тұтынған, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі таңда көмір таратушы операторлардың қоймаларында 84,6 мың тонна қатты отын қоры бар. Сонымен қатар маусымаралық тұтыну кестесі ұсынылды. Сондай-ақ биыл «Фермерлік жылыжайларға қойылатын жалпы техникалық талаптар» мемлекеттік стандарты бекітіліп, қазіргі уақытта 801 жылыжай арнайы сертификаттаудан өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік ететін салалар бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысын саралады. Кеңесте жауапты басқарма басшылары өз бағыттары бойынша есеп беріп, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, «Тұран су» мекемесі жалпы…
Түркістан облысы білім саласындағы ашықтық пен цифрландыруды жетілдіру бағытында маңызды қадамдар жасауда, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтың бастамасымен салаға нақты тапсырмалар беріліп, цифрлық теңсіздік пен жүйесіздікті жою басты міндет ретінде белгіленді. Мәжілісте білім жүйесіндегі күрделі мәселелер талқыланып, шешу жолдары нақтыланды. «Цифрлық Қазақстан» стратегиясына және заңнамаларға сәйкес пилоттық режимде сынақтан өткізіліп жатқан платформалар білім сапасын арттыруға бағытталған. Олар оқу үдерісін бақылау, кәсіби бағдар беру, оқушылардың жетістігін талдау, халықаралық зерттеулерге дайындық пен сыртқы бағалау жүйелерін енгізуді көздейді. Сонымен қатар жасанды интеллект технологиясы оқу процесін автоматтандыру мен жекелендіруді қамтамасыз етеді. Облыс әкімінің айтуынша, білім саласындағы маңызды қадамдар бір ғана басқарманың емес,…
Түркістан облысы қарқынды дамып келеді. Инфрақұрылым, соның ішінде электрмен қамту жүйелері де заманауи талаптарға сай болуы тиіс, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның басшылығымен кездесіп, өңірді электр энергиямен қамту бағытындағы жобаларды талқылады. Кездесу барысында облыс орталығы мен облыс аумағындағы елді мекендерді үздіксіз әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету, тозған электр желілерін реттеу, жаңа қосалқы станциялар салу және қуаттылықты арттыру бойынша ұсыныстар қаралды. Сонымен қатар жасанды интеллект пен автоматтандыру жүйелерін енгізу мәселелері де сөз болды. Облыс әкімі бұл саладағы өзекті проблемаларды шешуде нақты шаралар қабылдау қажет екенін айтып, жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеді. – Өңір…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысында азаматтарды жеке қабылдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгін кестеге сәйкес, облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындармен кездесу өткізді. Қабылдау барысында азаматтар баспана кезегі, жол жөндеу, ауызсу, электр желісі және газ кіргізу мәселелерін көтерді, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістандық І, ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматша үй кезегіне тұру мәселесін көтерді. Белгілі болғандай, оның атына Қызылорда облысында үй тіркелгендіктен, өтініші қабылданбаған. Ол үйді 2021 жылы сыйға тартқан, сондықтан 2026 жылдың сәуірінен кейін ғана кезекке тұра алады. Айта кетейік, Түркістанда 2025 жылы мұқтаж азаматтар үшін 11…
Ертеде бір кедей шал болыпты. Оның бір ұлы, бір қызы бар екен. Біраз уақыттан кейін ұлы үйленеді, бірақ көп ұзамай қайтыс болып, келіні жесір қалады. Келіні өте ақылды әрі сұлу болып, шал мен қайын сіңілісіне қамқор болып өмір сүре береді. Бір күні олардың үйіне бір хан келіп, келінге үйленгісі келеді. Келін бір шарт қояды: «Егер үйленсең, бізді тастамай, осы үйде бірге тұрасың», – дейді. Хан келіседі, бірақ көп ұзамай өз еліне кетіп, қайтып келмейді. Келін ұл туып, оның атын Төлепберген қояды. Төлепберген ер жетіп, батыр әрі ақылды жігіт болады. Бір күні ол әкесін іздеп жолға шығады. Ұзақ жүріп, бір күні…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Әдеп кодексін сақтау мәселесі бойынша жиын өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға облыс әкімі аппараты, облыстық басқармалар мен аудан, қала басшылары мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері қатысты. Күн тәртібінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік органдардағы ішкі тәртіп, қызметтік этика талаптарының орындалуы және өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Облыс әкімі жиында мемлекеттік қызметкердің әдебі мен мінез-құлқы – халықтың билікке деген сенімінің негізі екенін атап өтіп, жауапты тұлғаларға қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларының қатаң сақталуын күшейту бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Абылайхан Наурызбаев мемлекеттік қызметшілердің…
Түркістан қаласында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов пен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың қатысуымен экономикалық саясат пен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіруге арналған кеңейтілген кездесу өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуге ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, облыстық маслихат депутаттары, жергілікті кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар мен құзыретті мемлекеттік орган өкілдері, жалпы 200-ге жуық адам қатысты. Күн тәртібінде салық саясаты және бизнесті қолдау, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиынды Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов ашып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салық жүйесін жетілдіру және бизнеске қолайлы жағдай жасау…
Түркістан облысының Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағында орналасқан жер қойнауын пайдаланушылармен мәжіліс өткізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Мемлекеттік кірістер департаменті мен Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының өкілдері қатысты. Мәжіліс барысында өңірдегі жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың мемлекетке салық төлеу мәселелері қаралды. Облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы м.а. Қанат Шонбасов өз баяндамасында кейбір жер қойнауын пайдаланушылардың салық төлемей отырғанын атап өтті. Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың басқа өңірлерде тіркеліп, салықты сол жақта төлеуі облыс бюджетіне түсетін түсімдерді азайтып отырғанын айтты. Осыған орай, компанияларды Түркістан облысына тіркеудің маңыздылығы көтерілді. Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері жиналғандарға салықтық міндеттемелер және есептілікті…










