Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев соңғы айларда бірнеше маңызды лауазымнан бірінен соң бірінен кетті, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылдың наурыз айында Президент Жарлығымен Досаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл қызметті ол шамамен жарты жыл атқарған еді. Сондай-ақ, Досаев 2025 жылдың желтоқсан айында тағайындалған «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің құрамынан да шықты. Оған қоса, биыл қаңтар айында ғана құрамына енген «Бәйтерек» ұлттық холдингі директорлар кеңесінің мүшелігінен де шеттетілген. Осылайша, қысқа мерзім ішінде Ерболат Досаев мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардағы бірнеше қызметінен айырылып отыр. Қызметінен босату себептері ресми түрде айтылған жоқ. Алматы қаласында тұрғындардан ескі көліктерді сатып алу жобасы басталмақ. Бұл…
Автор: Лейла Болтаева
Астанаға ұшып келген ұшақта кәмелетке толмаған балаларға қатысты жағымсыз оқиға тіркелді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәліметке сәйкес, Екатеринбургтен жарысқа қатысып қайтқан 2017 жылы туған жас хоккейшілер отырған ұшақта әскери киім киген ер адам балаларға тиісіп, тәртіп бұзған. Куәгерлердің айтуынша, ол балағат сөздер айтып, қарумен атқандай қимыл көрсетіп, балаларға «сендер ұйықтап жатқанда мен соғыста болдым» деп агрессия танытқан. Сондай-ақ ол жанжал шығаруға әрекеттенген. Жағдайды бортсеріктер мен команданың жаттықтырушысы әрең тыныштандырған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша көліктегі полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. 22 жастағы Ернұр Алмаханның туыстары Қазақстан билігінен көмек сұрауда. Жас жігіт 2024 жылдың қыркүйегінде Алматыдан…
22 жастағы Ернұр Алмаханның туыстары Қазақстан билігінен көмек сұрауда. Жас жігіт 2024 жылдың қыркүйегінде Алматыдан Дубайға жұмысқа аттанған, бірақ көп ұзамай сол жақтағы түрмеге түскен. Алайда, жігіттің жақындары мен адвокаты оған тағылған айыптың нақты мән-жайынан бейхабар екенін айтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Анасының айтуынша, Ернұр бастапқыда байланысқа жиі шығып, жұмыс істеп, тұрып жатқан жері туралы айтып отырған. Кейіннен кенеттен байланыс үзілген. Соңғы рет Ернұр анасына тергеу изоляторынан хабарласып, тек бір ауыз сөз айтқан: «Мен кінәсізбін, ақталамын». Алайда нақты қандай айып тағылғанын түсіндіріп үлгермеген. Одан кейін анасы ұлының өмір бойы бас бостандығынан айырылғанын Сыртқы істер министрлігінің ресми хатынан білген. – Жақында ғана…
Алматы қаласында тұрғындардан ескі көліктерді сатып алу жобасы басталмақ. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен экология мәселелері жөніндегі кеңесте әкім Дархан Сатыбалды мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бағдарлама аясында экологиялық санаты төмен ескі көліктерді тұрғындардан сатып алу және оларды утилизациялау қарастырылған. Жобаны Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) бірлесіп жүзеге асырады. Сонымен қатар, автокөліктерін жаңартуға ниет білдірген тұрғындарға жеңілдетілген несие, лизингтік бағдарламалар мен trade-in механизмдері ұсынылмақ. Бұл бағытта отандық автокөлік өндірушілер де тартылмақ. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, Алматыдағы ауа ластануының негізгі себептерінің бірі – ескі автокөліктерден бөлінетін зиянды газдар. Сондықтан бұл бастама ескі көліктер санын азайтып, экологиялық ахуалды…
Қазақстанның әртүрлі қалаларында бензин бағасында айтарлықтай айырмашылық байқалады. Жекелеген өңірлерде жанармай құны арасындағы айырмашылық литріне 20 теңгеге дейін жетеді. Бұл туралы KAZENERGY сараптамалық орталығы хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшылардың айтуынша, қазір жанармай нарығындағы жағдай тұрақты, баға күрт өзгермеген. Бірақ өңірлер арасында жанармай бағасының айырмашылығы айтарлықтай. Мәселен, АИ-92 маркалы бензин Астана мен Алматыда литріне 237-240 теңгеден сатылса, Шымкентте бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен – 221-226 теңге аралығында. Яғни екі ірі қала мен оңтүстік мегаполистегі баға айырмашылығы 12-19 теңгеге жетеді. АИ-95 маркалы бензинге келсек, баға диапазоны литріне 297-322 теңге шамасында. Елордада бұл жанармай 309-315 теңгеге, Алматыда 313-322 теңгеге сатылса, Шымкентте бағасы төменірек –…
Қазақстанда мұғалімдерді аттестация талаптарының жаңа пилоттық моделі енгізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова хабарлады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа модель ұстаздардың артық жүктемесін азайтып, негізгі қызметіне баса назар аударуға мүмкіндік береді. Педагог санаттары бойынша талаптар оңтайландырылды: Педагог-модератор: ашық сабақтар саны 25-тен 4-ке, біліктілікті арттыру сағаты 72-ден 36-ға қысқарды. Сонымен қатар, педагогтің жобаларға қатысуы мен тәрбие жұмысына араласуы міндеттеледі. Педагог-сарапшы: ашық сабақтар санын қысқарту арқылы аудандық немесе қалалық деңгейде тәжірибе тарату форматы енгізіледі. Педагог-зерттеуші: алты ашық сабақ (үш офлайн және үш онлайн), облыстық деңгейде тәжірибе тарату, екі мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету және тәуекел тобындағы оқушылармен жұмыс жасау міндеттеледі. Педагог-шебер:…
Ақсу ферроқорытпа зауытында қайғылы оқиға орын алып, жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға 20 сәуір күні металл ұсақтау кезінде болған. Жұмысшы ауыр жарақат алып, көз жұмды. «Металл ұсақтау жұмыстарын орындау кезінде жұмысшы өмірмен үйлеспейтін жарақаттар алды», – деп мәлімдеді «Қазхром» компаниясының өкілдері. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар хабардар етіліп, қайғылы жағдай бойынша тергеу басталды. Компания басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді. Айта кетейік, бұл зауытта 2025 жылдың қыркүйек айында тағы бір апат болған еді. Сол кезде үш қызметкер күйік жарақатын алып, біреуі жансақтау бөліміне түскен болатын. Қазақстанда 2026 жылғы…
Бүгін – асықпай, сабырмен шешім қабылдайтын күн. Тепе-теңдік сақтап, ақылға салынған әрекеттер нәтиже береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін асықпайтын күн. Қарбаластың орнына баяу, ыңғайлы қарқында әрекет ет. Аз-аздан жоспарлы түрде алға жылжу тиімдірек болады. Үйде отырып жұмыс істе немесе жағымды кафеде үзіліс жаса – жайлылық өнімділігіңді арттырады. Торпақ Айналаңдағы адамдарға қаншалықты мән бересің? Бүгін күнделікті араласатын жандарға қызығушылық танытып көр. Сенің кофеңді дайындайтын бариста немесе күнде көретін көршің туралы бір-екі сұрақ қойып, жақынырақ таныс. Егіздер Ақша шектеулі болса да, бұл кішкентай қуаныштан бас тартуға себеп емес. Шығармашылық қабілетіңді қолданып, артық шығынсыз өз қалауыңа қол жеткіз. Акциялар мен жеңілдіктерді ізде,…
21 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жылы болғанымен, бірқатар аймақтарда жауын-шашын мен қатты жел болжанып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн райы ашық болады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +19…+21°C шамасында, түнде +5…+7°C болады. Алматыда да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күндіз +21…+23°C, түнде +5…+7°C аралығында. Шымкентте күн бұлттанып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжануда. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Дегенмен күндізгі температура +26…+28°C деңгейінде қалады. Ақтауда күн салқындап, күндіз +13…+15°C болады. Бұлтты ауа райы жаңбырмен жалғасып, найзағай ойнауы мүмкін. Ақтөбе мен Атырауда ауа райы ашық, жауын-шашынсыз, температура күндіз Ақтөбеде +16…+18°C, Атырауда +15…+17°C аралығында болжанып отыр. Қостанай мен…
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қазақ халқына танымал ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Қырғызстандағы тұңғыш елшісі Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту хатын жолдады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Ардақты Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қадірлі қазақ ағайындар! Қазақтың ұлы перзенті, қырғыздың халық ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Қырғызстандағы алғашқы елшісі, Шыңғыс Айтматовтың және күллі қырғыз елінің досы Мұхтар Шахановтың дүниеден озғаны туралы қаралы хабарды зор қайғымен қабыл алдым. Мұхтар аға – тек қазақтың ғана емес, бүкіл қырғыз халқының да сүйенері, рухани тірегі еді. Демек, қырғыз жұрты да бір асқар тауынан, рухани тірегінен айырылып, қабырғасы қайысып тұрған шағы.…










