Америкалық кәсіпкер Илон Масктың байлығы адамзат тарихында алғаш рет 700 миллиард доллардан асып түсті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Forbes журналының мәліметінше, Масктың дәулеті Делавэр штатының жоғарғы соты Tesla акцияларына қатысты шығарылған бұрынғы сот шешімінің күшін жойғаннан кейін күрт өскен. Төменгі сот бұған дейін Масктың акцияларға опцион түріндегі сыйақысын заңсыз деп таныған еді. Қазіргі таңда бұл опциондардың жалпы құны – 139 миллиард доллар. Сот шешімі қайта қаралғаннан кейін Илон Масктың жалпы байлығы рекордтық 749 миллиард долларға жеткен. Бұған дейін де Forbes Маскты капиталы 600 миллиард доллардан асқан алғашқы адам ретінде атаған болатын. Ол кезде кәсіпкерге тиесілі SpaceX компаниясының нарықтық құны 800 миллиард…
Автор: Самал Жолжақсынова
Жұлдызшылар пайымынша, қарбалас пен бейберекет кезең болған Мерген маусымынан кейін, 21 желтоқсанда Күн Тауешкі белгісіне ауысады. Бұл жылдың ең жүйелі, нәтижелі әрі прагматикалық кезеңінің бірі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Parade журналы алдағы апталар Тауешкі, Тоқты, Шаян және Таразы белгілеріндегі адамдар үшін үлкен өзгерістер кезеңі болатынын жазады. Тауешкі Бұл – сіздің дәуіріңіз. Қазір бар назар мақсатқа беріктігіңіз бен стратегиялық ойлау қабілетіңізге ауған. Күннің өз белгіңізде орналасуы өзіңізге деген сенімді нығайтып, тәртіп пен тұрақтылықты күшейтеді. Осы кезеңде жүйелі қадамдармен, мұқият жоспарланған іс-әрекеттермен кәсіби биіктерге жету ықтималдығы жоғары. Тоқты Алдағы кезең мансапта көтерілу, жаңа басқарушылық қызмет немесе нақты мақсаттарыңызды айқындау үшін қолайлы. Көптен күткен қызмет…
Қазақстанда 2026 жылдан бастап қосымша құн салығының (ҚҚС) базалық мөлшерлемесі 16%-ға көтеріледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы министрлігінің мәліметінше, негізгі ставканың өсуімен қатар, жекелеген тауарларға төмендетілген мөлшерлемелер бекітіледі. Атап айтқанда, отандық баспа өнімдері мен мерзімді басылымдар үшін – 10%, дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен қызмет түрлеріне 2026 жылы – 5%, ал 2027 жылдан бастап – 10% көлемінде салық белгіленеді. Сондай-ақ экспортқа шығарылатын тауарлар, халықаралық жүк тасымалы, шетелдік әуе компанияларына арналған жанар-жағармай материалдары, арнайы экономикалық аймақтар аумағында өндірілетін өнімдер мен аффинаждалған алтынға нөлдік ставка қолданылады. Жаңа Салық кодексінде ҚҚС-тан мүлдем босатылатын салалар мен бағыттар да айқындалған: ҚҚС-тан босатылған тауар, жұмыс және қызмет түрлері;…
Президент Тоқаев Түркия сапары барысында бірсыпыра келісімге қол қойып, мұнай экспортында Кремльдің құлдығынан құтылуға батыл қадам жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Анкарада өткен Қазақстан Түркия стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің мәжілісінде тараптар 20-дан астам өте-мөте маңызды құжатқа қол қойды. Тоқаев негізгі тезисті мұнай экспортын әртараптандыру мен Транскаспий бағытын дамытуға арнады. Қазақ мұнайын Ресей арқылы тасымалдауға тәуелділікті азайту үшін Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) құбырының потенциалын кеңейту мәселесіне акцент берілді. Президент Тоқаев Қазақстан әлгі құбырмен Түркияға қазірдің өзінде жылына 1,4 млн тонна мұнай тасымалдап отырғанын бірнеше рет қайталады. Биылғы жарты жылдың өзінде осы бағыттағы мұнай экспорты 12 пайызға ұлғайып, 785 мың тоннаға жеткен. Бірақ, бір нюанс бар……
Жуырда Киевте оппозициялық журналист Айдос Садықовқа қарулы шабуыл жасалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға журналист пен оның әйелі Наталья Садықова көлікте отырған сәтте орын алған. Белгісіз біреу жақындап келіп, тікелей Садықовқа оқ атқан. Қазір ол ауыр халде ауруханада жатыр. Қастандықтан кейін қоғамда оқиғаға Қазақстан билігінің қатысы болуы мүмкін деген пікір жиі айтылуда. Осыған байланысты саясаткер әрі журналист Әміржан Қосан мәселенің жан-жақты тергеліп, кінәлілердің дереу анықталуы керегін айтты. «Саяси резонанс тудыратын кез келген қылмыс бірден қоғамдық пікірді қоздырады. Мұндайда әр тарап өз мүддесін алға тартып, қарсы жақты кінәлауға бейім тұрады. Сондықтан алдымен ресми тергеудің қорытындысын күткен жөн. Украинадағы құқық қорғау жүйесі ашық…





