Қазақстанда инвестиция түрінде жасалатын алаяқтық әрекеттер көбейді. Осыған байланысты киберполиция басқармасының мамандары халықты барынша сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Құқық қорғаушылардың айтуынша, кейінгі уақытта интернетте «тиімді әрі табысы жоғары инвестиция» туралы жалған жарнамалар көбейген. Алаяқтар deepfake технологиясын пайдаланып, танымал тұлғалардың келбеті мен дауысын жасанды жолмен өзгертіп, сенімді бейнелер мен видеолар әзірлейді. Мұндай әрекетке сенген азаматтар қаскүнемдерге оңай жем болып, жиған-терген ақшасынан айырылып жатыр. «Мереке қарсаңында адамдар эмоцияға беріліп, жылдам әрі оңай пайдаға кенелем деген оймен алаяқтардың торына тез түседі. Сондықтан күмәнді дереккөздерге сенбеуге, мұқият болуға шақырамыз», – дейді полиция қызметкерлері. Киберполиция мамандары кез келген инвестициялық ұсынысты жан-жақты тексеруге кеңес…
Автор: Самат Келдібай
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадан Қарағанды бағытына қарай жаңа әуежай салынуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қасымбектің айтуынша, дәл қазір мұндай жоба қолға алынған жоқ, алайда келешекте іске асуы әбден ықтимал. «Елорда бас жоспары бойынша болашақта қосымша әуежай салуға арналған бірнеше учаске белгіленген. Әдетте, кез келген астана белгілі бір даму деңгейіне жеткенде екінші, тіпті одан да көп әуежайды қажет етеді. Қазір біз қолданыстағы әуежайдың инфрақұрылымын жаңартып, өткізу қуатын екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Дегенмен ұзақ мерзімді болашақта, теміржол желілерінен біршама алыс орналасқанын ескерсек, жаңа әуежай салу мәселесі туындауы мүмкін», – деді әкім. Жеңіс Қасымбек алдағы уақытта…
Қазақстан мен Ресей басшылары Петербордағы дәстүрлі кездесуде екіжақты әріптестік пен Еуразиялық одақ аясындағы маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кездесуде сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, күн тәртібі мазмұнды әрі нәтижелі болған. «ЕАЭО шеңберінде көптеген өзекті мәселелерді талқылап, бірқатар шешім қабылдадық. Сондай-ақ ТМД аясында да маңызды сұрақтар қаралды. Бүгінде ТМД беделді әрі қажетті халықаралық ұйымға айналды», – деді Қазақстан президенті. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынасқа да ерекше тоқталды. Тоқаев 2025 жылды екіжақты ынтымақтастық үшін табысты жыл ретінде бағалап, екі ел арасындағы әріптестік жоғары деңгейде дамығанын атап өтті. 12 қарашадағы Ресейге мемлекеттік сапары осы байланыстың нығая түскенін дәлелдеді. Президент қазақстандық делегацияға…
Астанадағы Dent Park Ortho стоматологиялық клиникасында кішкентай қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Orda-ның дерегінше сот анестезиолог-дәрігер Аида Жұмағалиеваны 2021 жылы туған баланың өліміне кінәлі деп таныды. Белгілі болғандай, дәрігерлер 18 тісін емдеу үшін бүлдіршінге «Севоран» препараты арқылы төрт жарым сағат бойы наркоз берген. Алайда наркоздан ояну кезінде баланың жүрегі тоқтап, көрсетілген шұғыл медициналық көмек нәтиже бермеген. Қалалық сот судьясы Қажымұқан Мекемтас істің қорытындысын жариялады: «Аида Жұмағалиева ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы, 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан және үш жыл мерзімге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылсын. Алайда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты қабылданған…
Саясаттанушы Аркадий Дубнов былтырғы AZAL ұшағының апатынан кейін Баку мен Мәскеу арасында туындаған дағдарыс әлі жалғасып жатқанын айтады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің бүгінгі Петерборда өткен ТМД-ның дәстүрлі бейресми саммитіне соңғы сәтте келуден бас тартуы осының айқын дәлелі. Президент әкімшілігі мұны Әлиевтің жұмыс кестесінің тығыздығымен түсіндірген. Алайда саясаттанушы Аркадий Дубнов мұның астарында ресми себептен бөлек, әлдеқайда терең дипломатиялық наразылық жатқанын жазды. «Әлиевтің әрекеті Путин үшін күтпеген соққы болды. Ресей тарапы саммит қарсаңында Әлиевтің келеріне сенімді еді. Дмитрий Песков тіпті Әлиев пен Путин арасында жеке кездесу жоспарланғанын айтып, армян премьері Пашинянмен де келіссөздердің болу ықтималдығын атап өткен. Бірақ соңғы…
Атырау облысында «Атырау Жарық» компаниясында жұмыс істейтін 25 жастағы электрик ауыр жарақат алды. Жұмыс кезінде ток соғып, жас жігіт қазір жан сақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Orda-ның дерегінше оқиға 19 желтоқсан күні болған. Зардап шегуші Еламан Сағиевтің туыстарының айтуынша, электр желісін жалғау кезінде техника қауіпсіздігі сақталмаған. «Отбасымызда үлкен қайғы болды. Ініміз жұмыс барысында қатты токқа соғылды. Оны шұғыл түрде Атырауға жеткізді. Біздіңше, жұмыс орнында қауіпсіздік шаралары ескерілмеген. Арнайы киім токтан қорғамаған, оның денесін күйік шалып, киімі мен қолғабы терісіне жабысып қалған. Біз жағдайды ашық айтпасақ, бұл істің жабылып қалуынан қорқамыз. Сондықтан мәселенің барынша жария болғанын талап етеміз», – дейді…
Қазақстанның ірі құрылыс холдингі BI Group Украина нарығына шықты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Forbes Ukraine дерегінше, еліміздің ең ауқымды жеке компанияларының үздік ондығына кіретін холдинг енді Киев пен қала маңында тұрғын үй кешендерін салумен айналысады. BI Group-тың Украинадағы өкілі әрі акционері Аян Зәкіриннің айтуынша, украин нарығына қызығушылық 2018 жылдан бері бар. Тіпті 2023 жылы компания Украинаның DIM атты девелоперімен әріптестік орнатқан. «Холдинг бізге жұмыс істеу тәртібі түсінікті, тілдік орта қолайлы, сондай-ақ өз тәжірибемізді еркін қолдануға болатын нарықтарды таңдайды. Осы тұрғыда Украина біз үшін тиімді аймақ», – дейді Зәкірин. Украина нарығына кірер алдында BI Group оннан астам компанияны саралап, соңында Watzenrode компаниясына…
Өзбек билігі ел резиденттерінің АҚШ-тағы компанияларға инвестиция салуына қатысты шектеуді толық алып тастамақ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы елдің Орталық банкі арнайы қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстан банктерінің шотынан АҚШ-тағы компаниялардың жарғылық капиталын мен олардың филиалдарын айналым қаражатымен толықтыруға рұқсат берілмек. «2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстан резиденттерінің АҚШ-тағы инвестициялық қызметіне қатысты ескі шектеудің күші жойылады. Атап айтқанда, америкалық компаниялардың жарғылық қорын қалыптастыруға немесе капиталға қатысуға рұқсат беріледі. Сондай-ақ АҚШ-тағы филиалдарының айналым қаражатын толықтыру мақсатында ақша аударуына ешқандай шектеу қойылмайды. Операциялар резиденттердің банк шотындағы қаражат шегінде жүзеге асырылады», – делінген Орталық банк қаулысында. Өзгерісті енгізуге…
Ескі Қазақстанға тиесілі Дубайдағы екі вилла сатылып, одан түскен қыруар қаржы мемлекеттік қорға аударылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов басшылық еткен «Қайтарылған активтерді басқару компаниясының» қамқоршылық кеңесінің отырысында осындай деректер айтылды. Компания басшысы Қуанышбек Мұқаштың айтуынша, биыл электронды сауда платформасы арқылы жалпы құны 38,4 млрд теңге болатын 155 актив сатылған. Ірі мәміленің ішінде Астанадағы «Думан» қонақ үйі 14,1 млрд теңгеге, ал Дубайдағы екі вилла 20,7 млрд теңгеге өткен. Осы соманың барлығы арнайы мемлекеттік қорға аударылды. Одан бөлек, құны 29,4 млрд теңге болатын 33 актив ешбір саудасыз тікелей мемлекеттің меншігіне берілген. Бұлардың ішінде жер телімдері мен тарихи маңызы бар…
Қазақ қоғамындағы тілдік төңкеріс болжанғаннан он жылға ерте басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Белгілі PR маман Айбар Олжайдың айтуынша, қазақ халқы, соның ішінде жаңа буын жастар орыс тілінен саналы түрде, толықтай бас тартқан. Сарапшы бұл үрдіс 2035 жылға асықпай келеді деп болжаған екен. Алайда 2000-шы жылдан бері қарай өмірге келген буын осы межені мерзімінен бұрын еңсеріп, 10 жылға ерте орындап отыр. «Қазіргі қазақ жастарының ой-өрісі мен ұлтжандылығы бұған дейінгі ешбір буынға ұқсамайды. Осы буын ұлтымыздың сана-сезімін 180 градусқа бұрып, сана төңкерісін жасамақ. Менің осы айтқанымды есте сақтап алыңыз, бес жылдан кейін сіз мүлде басқа Қазақстанда өмір сүретін боласыз, бәрі өзгереді», –…










