Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

мал шаруашылығы кредит 2026

Қазақстанда мал шаруашылығын дамытудың алдағы бес жылға арналған жаңа жоспары бекітілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрлік фермерлерді арзан несиемен қамтамасыз етіп, асыл тұқымды мал санын күрт арттыруды көздеп отыр. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бағдарламаның басты мақсаты мал басын көбейту, өнімділікті арттыру және саладағы өндіріс көлемін еселеп өсіру. Бірақ бұл міндеттер өңірлердегі әкімдіктердің белсенді араласуынсыз шешілмейді. Фермерлерді қолдау үшін бірқатар тиімді несие бағдарламалары іске қосылмақ: Асыл тұқымды мал сатып алуға барлық шаруаларға жылдық 6%-бен жеңіл несие беріледі. Сондай-ақ шалғайдағы жайылымдық жерлерді игеру үшін де жылдық мөлшерлемесі 6%-дық жаңа өнім пайда болады. Қаражат жайылымдарды суландыруға, қажетті инфрақұрылым тартуға және малшыларға арналған…

Толық оқу
жекеменшік мектептер

Қазақстанда жекеменшік мектептердің жұмысына жаңа әрі қатаң талаптар қойылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматыда білім беру саласының өкілдерімен кездескен Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жеке мектептердің ашылуы мен жұмыс істеу тәртібіне қатысты ережелердің айтарлықтай өзгеретінін мәлімдеді. Енді жеке мектептер бей-берекет емес, тек шынайы қажеттілікке қарай ашылады. Мысалы, үш ауысыммен оқытатын мектептерді алмастыру, апатты ғимараттарды жабу немесе мектеп тапшылығы бар өңірлерде ғана лицензия берілмек. Сонымен қатар, жеке мектеп құрылтайшыларының жауапкершілігі күшейтіледі. Білім сапасы, мұғалімдердің біліктілігі және балалардың қауіпсіздігі үшін енді мектеп иелері тікелей әрі жеке жауап береді. Тағы бір маңызды өзгеріс мектеп директорларын тағайындау тәртібіне қатысты. Бұған дейін мектеп басшысын жеке мектептің иесі…

Толық оқу
Түркістан облысында

Түркістанда Қазақстан имамдарының білімін жетілдіруге бағытталған Ислам институты ашылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Маңызды шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және қала жұртшылығы қатысты. Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі президент Тоқаевтың дәстүрлі исламды дәріптеп, оның ғылыми-теориялық негіздерін нығайту туралы тапсырмасына ерекше тоқталды. «Президентіміз ұлттық дүниетанымымызға сәйкес дәстүрлі исламды кеңінен насихаттау керектігін және оның ғылыми негіздерін дамытудың маңызын атап өткен болатын. Сол мақсатта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесе отырып, бүгін діни сала қызметкерлерінің білімін тереңдетуге арналған Ислам институтын ашып отырмыз. Заманауи талаптарға сай жабдықталған институттың бой көтеруіне ерекше үлес қосқан «Хилует»…

Толық оқу
Roblox қауіпті ойын

Депутат Үнзила Шапақ елдегі жүздеген мың бала ойнайтын Roblox платформасының қауіп-қатеріне қатысты Үкіметке сауал жолдады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шапақтың айтуынша, кейінгі уақытта Парламентке ата-аналар тарапынан Roblox ойынының балалар психикасына теріс әсері туралы шағым жиі түсіп жатыр. Негізгі алаң тудыратын мәселе жасөспірімдердің виртуалды ойынға тәуелді болуы, агрессивті мінез-құлықтың күшеюі және шынайы өмірден алыстап, жасына сай келмейтін контентпен бетпе-бет келуі. «Ойынға тым беріліп, агрессияға бейімделіп, өмірден алшақтау деректері кездесіп жатыр. Бұл жерде басты қауіп бала психикасына ұзақ мерзімде зиян келуі. Одан бөлек, Roblox секілді ашық онлайн платформаларда кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық ниеті бар тұлғалар да жүр. Олардың арасында педофилдер мен алаяқтар бар.…

Толық оқу
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы

Парламент Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) аясында әскер орналастыру мен тасымалдауға қатысты келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарауға алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан мәлімдеді. Құжат ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында әскери күштерді уақытша орналастырудың құқықтық негіздерін нақтылайды. Бұрын әскер тек қауіпсіздікке тікелей қатер төнгенде жұмылдырылатын болса, енді бұл тізімге дағдарыстық жағдайлардың алдын алу, гуманитарлық көмек көрсету және кенеттен тексеру жүргізу секілді жаңа міндеттер қосылып отыр. Комитет аталған заң жобасын жан-жақты зерделеп, ресми қорытынды дайындамақ. Сонымен қатар депутаттар назарына ұсынылған екінші заң жобасы 2015 жылы қабылданған әскер мен әскери мақсаттағы мүлік…

Толық оқу
Қазақстан 2026 жылы не өзгереді

Биыл Қазақстан экономикасының жүріс-тұрысы ауырлап, қазақтардың нақты табысы төмендей бастайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Танымал экономист Айдархан Құсайынов экономикалық ахуалға қатысты осындай көңіл көншітпейтін болжам жасап отыр. Forbes-пен сауалдасқан сарапшының пікірінше, биылғы жылы халықтың нақты табысы бұрын-соңды болмаған деңгейге құлдырайды. «Қазірдің өзінде шықпа жаным шықпа деп отырмыз. Биылғы жыл да бұрынғы рекордтарды жаңартып, халықтың нақты табысын құлдырататын түрі бар», – дейді экономист. Оның сөзінше, азаматтардың кірісі азайған сайын тұтыну нарығында да өзгеріс байқалып жатыр. Қымбат тауардан арзан өнімге көшкен қазақтардың күнделікті әдеті өзгере бастаған. «Өмір сапасы құлдыраған соң, амал жоқ, арзан-құрзан тауар іздейміз. Жуырда Алматыдағы АДК сауда үйіне барғанда 90-жылдары сұранысқа…

Толық оқу
Қазақ мұнайы Қара теңіз

Қазақ мұнайы Қара теңіздегі күрделі ауа райына қарамастан, Новороссийск портындағы Каспий құбыр консорциумы (КТК) арқылы экспортталып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазір шикізат тиеу жұмыстары жалғыз ғана жұмыс істеп тұрған бірінші шығарушы айлақ құрылғысы (ВПУ-1) арқылы жүргізілуде. Энергетика министрлігінің мәліметінше, экспорттық процесс тұрақты режимде, теңіздегі дауыл жағдайына сәйкес реттеліп отыр. Басты міндет жеткізілімнің іркіліссіз жалғасуын қамтамасыз етіп, мұнай қоймаларын толып кетуден сақтау. Министрліктің ресми өкілі Әсел Серікпаеваның айтуынша, ведомство халықаралық әріптестер және КТК операторымен үнемі байланыста отыр. Сол себепті де экспорт бағытындағы өзгерістерді бақылап, тиісті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік бар. Айта кетерлігі, былтыр желтоқсанда қатты дауыл мен украиналық дрондардың шабуылынан кейін…

Толық оқу
Рамазан айы 2026

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған діни күндер күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оған сәйкес, қасиетті Рамазан айы елімізде 19 ақпанда басталып, 29 күнге созылады. Ораза айт мейрамы 20 наурыз, жұма күні атап өтілмек. Қадір түні биыл 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ислам дәстүрінде ерекше маңызға ие бұл түн адамзат тағдыры белгіленіп, Құранның алғашқы аяттары түскен қасиетті уақыт саналады. Рамазаннан соң мұсылман қауымын басқа да маңызды күндер күтіп тұр. Арафа күні 26 мамырда, ал құрбан айт мейрамы 27-29 мамыр аралығында өтеді. Сондай-ақ, 2026 жылы 25 маусымда – Ашура күні, ал Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күніне орай өткізілетін…

Толық оқу
Ерболат Досаев "Бәйтерек" холдингіне оралды

Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев өзі бұрын басқарған «Бәйтерек» холдингіне қайта оралды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Досаев ұлттық холдингтің директорлар кеңесі құрамына енді. Ақпарат KASE сайтында 13 қаңтар күні жарияланды. Холдингтің директорлар кеңесін Премьер-министр Олжас Бектенов басқарады. Кеңеске жаңадан бірінші вице-премьер Роман Скляр, Экономика министрі Серік Жұманғарин, Қаржы министрі Мәди Такиев және Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев кірген. Басқарма төрағасы қызметінде Рүстем Қарағойшин қалды. Еске сала кетейік, Ерболат Досаев 2016-2017 жылдары «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы қызметін атқарған. Қазір ол Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінде. Ерекең 2025 жылдың қыркүйегіне дейін Алматыны басқарған, ал былтыр желтоқсанда «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесіне мүше болып…

Толық оқу
Президент Тоқаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы

Президент Тоқаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты әріптестік бойынша келіссөз жүргізетін өкілін тағайындады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент жарлығымен осы міндет тәжірибелі дипломат Ержан Қазыханға жүктелді. «Ержан Қазыхан Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы маңызды мәселелер бойынша келіссөздерде Президент өкілі қызметін атқарады», – делінген құжатта. Ерекең Петербор университетінің түлегі. 2008 жылы экс-президент Назарбаевтың көмекшісі қызметінде болды. 2011-2012 жылдары Сыртқы істерді басқарды. Қазыхан 2025 жылдың қыркүйегінен бері Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі. Ол төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие, төрт орденнің иегері. Қазақстанның сыртқы саясаты мен көпжақты дипломатия тақырыбында көптеген сараптамалық мақалалар жазған. Ағылшын және…

Толық оқу