Бүгін Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатуға шығарған зергерлік бұйымдар сатылмай қалды, — деп хабарлайды ErtenMedia Massaget.kz-ке сілтеп.
Сауда-саттық жасалған жоқ, өйткені бірде-бір қатысушы тіркелмеген.
Әзірге сатылмаған зергерлік бұйымдар арасында мынадай әшекейлер бар:
- 14,7 миллион теңге тұратын, 750-сынамадағы ақ алтыннан жасалған YEPREM сақинасы.
cabinet-auction.e-qazyna.kz
Сақина 85 гауһар таспен көмкерілген.
- Құны 7,5 миллион теңге тұратын, 750-сынамадағы ақ алтыннан жасалған Frank Muller алқасы.
Бұл зергерлік бұйым салмағы 4,6 карат болатын ақ гауһар тастармен көмкерілген.
- Құны 3,3 миллион теңге тұратын, 750-ші үлгідегі сары алтыннан жасалған Yana Jewellery сақинасы мен білезігі.
cabinet-auction.e-qazyna.kz
Әшекейдегі тастардың жалпы саны — 235, оның ішінде салмағы 5,46 карат болатын ақ гауһар тастар бар.
- Құны 4,3 миллион теңге тұратын, 750-ші үлгідегі ақ-сары алтыннан жасалған Frank Muller сақинасы.
cabinet-auction.e-qazyna.kz
Сақинаның салмағы — 9,78 грамм, зергерлік бұйым 58 гауһар таспен көмкерілген.
Бүгін сатылымға 15 әшекей шығарылды, олардың құны 380 мың теңгеден 14 миллион теңгеге дейін жетеді. Алайда олардың ешқайсы сатылмады.