Авто механик Ербол Тұрғынбай бензин орнына дизель құйылған жағдайда жүргізушілерге бірнеше пайдалы кеңестер берді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Автокөлікті іске қоспаңыз
Қателік анықталған бойда көлікті оталдыруға болмайды, тіпті жанармай құю бағанасынан алысқа кетпеген жөн. Себебі дизельді отын қозғалтқышқа түссе, ол зақымдалуы мүмкін.
Жауапкершілікті АЗС қызметкерлеріне жүктеңіз
АЗС басшылығынан эвакуатор шақыртып, автокөлікті қызмет көрсету орталығына жеткізуін талап етіңіз.
Жанармай багын тазалау
Автосервисте көліктің жанармай багын толық шешіп, тазалап, дұрыс отынмен қайта құю қажет.
Қозғалтқыш дұрыс емес отынмен іске қосылса
Егер жүргізуші қателікті бірден байқамай, көлікті жүргізе бастаса, бұл одан да күрделі жағдай. Әсіресе, дизель отыны аз мөлшерде құйылып, бензинмен араласса, қозғалтқыш біртіндеп қуатын жоғалтады, сілкініп, түтін шығара бастайды.
Автокөлікті тоқтату және эвакуатор шақыру
Мұндай жағдайда автокөлікті дереу тоқтатып, эвакуатор немесе сүйреткіш көмегімен кері АЗС-ке бару қажет.
Сараптама жүргізу және чектерді сақтау
Жанармай сапасына сараптама жасатып, АЗС басшылығынан болған шығынды өтеуді талап еткен жөн. Осыған байланысты барлық чектерді, әсіресе соңғы заправка түбіртегін сақтап қойған дұрыс.
Осы кеңестерді орындау арқылы автокөлігіңізге одан әрі зақым келтірмей, шығынды азайтуға мүмкіндік бар.
Айтқандай авто механик жаңа әйнек тазартқыштарды сатып алмас бұрын, сарапшы олардың ұзындығын дұрыс өлшеу турасында тілшілерімізге кеңес берген берді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







