Әнші Бақыт Тұрман өрескел видеосынан кейін халықтың сынына ұшырады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Желіге тарап кеткен бейнежазбада әнші күйеуі Қайрат Әділгереймен бірге «Мен әйеліме сененмін» атты тренд аясында видео түсірген. Видеода әншінің күйеуінің басынан аяғымен теуіп өткені көрінеді. Бұл көрініс желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшіліктің наразылығын тудырды.
Оқырмандардың көбі бұл әрекетті орынсыз әрі ерсі деп бағалап, «трендтің соңы артық кетті» деген пікірлерін білдірді.
«Әзіл болса да ер адамның басынан тебу дұрыс емес», «Ер адамның басынан аттап өтпе деп үйреткен, мынау не тәрбие?», «Өте орынсыз әзіл. Ер адамды бұлай қорламау керек еді», «Хит боламын деп, ит болды деген осы шығар», «Еркекте намыс қалды ма, кімге үлгі көрсетіп отырсыңдар?», – деген жазбалар желіде көбейді.
Дегенмен видеоны жай ғана әзіл ретінде қабылдаған кейбір оқырмандар әншіні ақтап, оны қорғауға тырысты. Олар мұның тек тренд аясында жасалған қалжың екенін айтып, бұл әрекетке тым терең үңілмеуге шақырды.
АҚШ президенті Дональд Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқаратынын ашып айтты. Әлем болса аң-таң.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

