Қытай халық республикасына жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қытайлық бизнес өкілдерімен бірнеше кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы бес екіжақты меморандумға қол қойды. Құжаттарға қол қою рәсімі Қытайдың жетекші компаниялары басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Қытай халық республикасындағы Елшілігінде өтті, — деп хабарлайды Ertenmedia.
Бұл шаралар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту және өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүргізілуде.
ҚХР астанасында медицина, өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және газ-химия салаларын қамтитын бес меморандумға қол қойылды:
🔹 «Cheng Tian Run Kang Medical Limited» компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум – медициналық инфрақұрылымды дамытуға және денсаулық сақтау саласында технологияларды бейімдеуге бағытталған.
🔹 «Yino» халықаралық компаниясымен (Гонконг) меморандум – өнеркәсіп секторында және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді.
🔹 Vega Power компаниясымен меморандум – энергетикалық серіктестік және баламалы энергия көздерін енгізу мәселелерін қамтиды.
🔹 Sunway Concept Limited- пен өзара түсіністік туралы меморандум тұрғын үй құрылысын дамытуға және қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.
🔹 Foshan City Construction Engineering Co., Ltd. және «Zhaik Petroleum LTD» компанияларымен үшжақты меморандум – БҚО аумағында метанол өндіретін зауыт салу туралы.
🔹 Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, CHN Energy International Development Co., Limited және «Батыс Пауэр» ЖШС арасындағы ГТЭС-200 «Орал» станциясын кеңейту жобасын іске асыру бойынша жол картасы
Нариман Төреғалиев ҚХР өңірдің негізгі сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі болып қала беретінін атап өтті. Қол қойылған құжаттар инвестициялардың өсуіне, жұмыс орындарының ашылуына және Батыс Қазақстанның өндірістік әлеуетін дамытуға ықпал ететін жаңа жобаларға бастама береді.
«Президенттің қолдауы, Үкіметтің жүйелі жұмысы және өңірдің ашықтығы бізге жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құра отырып, инвестициялық жобаларды сенімді түрде ілгерілетуге мүмкіндік береді. Қол қойылған меморандумдар – бұл өзара іс – қимылдың нақты нәтижесі», — деп атап өтті Н. Төреғалиев.
Әр бағыт бойынша салалық ведомстволар мен инвесторлардың қатысуымен жеке іс-қимыл жоспары әзірленетін болады.
Бұл кездесу Қазақстан Республикасының Қытай халық республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.