Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшыларының бірі ұсталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Арнайы қызметтің мәліметінше, КНБ-ның жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарларды заңсыз әкелу арнасының жолын кесті.
«Сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының бірінің басшысы және елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Олар шетел азаматтарына ақшалай сыйақы алып, халық тұтынатын тауарларды еш кедергісіз ел аумағына кіргізуге көмектескен», – делінген комитет хабарламасында.
Қазіргі таңда күдіктілердің 100 млн теңгеден астам көлемде пара алғаны дәлелденіп, процессуалды түрде құжатталды. Алдын ала есептеулерге қарағанда, мемлекетке келтірілген залал көлемі 1,9 млрд теңгені құрайды.
Айтпақшы, Астана бір-ақ түнде қалың қардың астында қалғанын білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

