Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Кездесу барысында тараптар бірлесіп іске асырып жатқан әлеуметтік жобаларға назар аударып, биылғы жылдың жоспарын талқылады.
Кездесу кезінде айтылғандай, үш жылда Қор мен облыс әкімдігі серіктес ретінде бірлесіп денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, спорт салаларында көптеген жобаларды іске асырған, сол жобалардың 80 % ауылдарға бағытталған болатын. Мәселен, Жансүгіров, Қарабұлақ, Қоғалы, Балпық би ауылдары мен Сарқан, Жаркент, Үшарал қалаларындағы 7 мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сол сияқты ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 4 арнайы мектептің жабдықталуына, 3400-ден астам ауыл балаларының жазда балалар лагерінде демалуына қолдау көрсетілген. Сол сияқты әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасы балаларының жоғары оқу орындарында оқуы үшін білім гранттарын беру, ауыр сырқаты бар азаматтарға қажетті дәрі-дәрмек алу, спорт инфрақұрылымын дамыту ісіне жәрдем жасалды.
Ал биыл білім саласына, соның ішінде құрылыс бағытына көп көңіл бөлу жоспарланып отыр.