Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
«Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.
Руслан Берденов — Шымкент қаласының тумасы.
Білімі жоғары, 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП Университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.
- Еңбек жолын 2005 жылы «Алматы құс» ААҚ («Сеймар»тобы) компаниясының бөлшек сауда директоры қызметінен бастады.
- 2007 жылғы ақпан — 2010 жылғы шілде Procter & Gamble компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі.
- 2010 жылғы шілде — 2012 жылғы қараша «Eastcomtrans» ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы.
- 2012 жылғы қараша — 2018 жылғы мамыр «Ақ ниет» ЖШС бас директоры.
- 2018 жылғы қараша — 2019 жылғы сәуір «Ақ ниет» ЖШС байқау кеңесінің мүшесі.
- 2019 жылғы сәуір — 2023 жылғы наурыз Aq niet Group байқау кеңесі төрағасының орынбасары.
- 2023 жылғы 29 наурыздан бастап «Respublica» партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
- 2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «Respublica» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.