Соңғы уақыттары энергетик сусындардың кесірінен бірнеше өнер адамдардан көз жазып қалдық, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бар-жоғы 53 жасында өмірден өткен Мұрат Бисембин Динара Сәтжанға берген сұхбатында актер салмақ тастау үшін энергетикалық сусындар мен қантсыз коланы жиі тұтынғанын мойындаған еді. Осылайша ол тәбетін басып, артық салмақ қосудан сақтанбақ болған. Ақыры не болғанын өздеріңіз білесіздер.
Өкінішке қарай, энергетикалық сусындардан зардап шеккен жалғыз жағдай емес. Жақында ғана Tengri порталына сұхбат берген алматылық Ауған Тағиев те дәл осы энергетиктердің кесірінен жүрегіне ауыр зақым келгенін айтты.
Аспаз болып жұмыс істейтін жігіт күні бойы аяқта тұруға мәжбүр болған. Шаршаған кезде күш беру үшін күн сайын бір банка сусыннан бастап, кейін ол әдетке айналып, тәулігіне 8-10 энергетик ішетін халге жеткен. Ақыры жігітке жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылып, жүрек алмастыру операциясын жасауға тура келген.
Өкінішке қарай, бұл біздің қоғамның қазіргі шындығы. Қазақстанда энергетикалық сусындар тұтыну 5 жыл бұрын жаппай сипат алған. Олар алкогольсіз сусындар арасында танымалдылығы бойынша екінші орынға шығып үлгерген. Елмізде энергетиктердің сатылымы бірден 42%-ға артқан, олар тек «Колаға» ғана жол береді екен.
Бүгінде депутаттар мен үкімет бұл мәселемен күресуге тырысуда. 2026 жылдан бастап елімізде энергетикалық сусындарды 21 жасқа дейінгі жастарға сатуға толық тыйым салынады.
Мұндай шараның қабылдануы да бекер емес. Себебі статистика бойынша, осы сусындардың негізгі тұтынушылары жасөспірімдер. 11 мен 15 жас аралығындағы балалардың жартысы энергетиктердің дәмін татып үлгерген. Олардың әр оныншысы сусынды күн сайын, ал әр алтыншысы аптасына бірнеше рет тұтынады.
Дегенмен, бұл мәселемен тек мемлекет күресуі жеткіліксіз. Ата-аналар балаларға энергетикалық сусындар мен «Кола» секілді тәтті сусындардың денсаулыққа аса қауіпті екенін түсіндіруі қажет.
Ағзамыз үшін ең пайдалы, қауіпсіз сусындар қарапайым су мен шай. Сондықтан, шөлдеген кезде суды әдетке айналдыру маңызды.
Ақтөбе облыстық соты 14 жастағы оқушы Нұржан Сыдықтың қазасына қатысты үкімді қайта қарап, колонияға жіберілген үш сотталушының жазасын шартты мерзімге ауыстырды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

