Өрт қауіпті кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындық мақсатында 2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысы аумағында республикалық «Өрт – 2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайларды жоюға күштер мен құралдардың дайындығын арттыру, табиғи сипаттағы төтенше жағдайға ден қою барысында уәкілетті органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл алгоритмін пысықтау, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің дайындығы, барлық деңгейлерде жедел кезекшілікті ұйымдастыруды, болжамды және диспетчерлік қызметтердің жұмысы, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтердің қорларын құруды тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығуға облыс әкімдігі, орман шаруашылығы басқармасы және азаматтық қорғау уәкілетті орган қызметкерлері қатысты.
Практикалық бөдімге азаматтық қорғаудың барлық қызметтері тартылған болатын. Өртті сөндіру, тұрғындарды құлақтандыру және эвакуациялау бойынша іс-шаралар өткізілді. Зардап шегушіні шартты түрде жедел құтқару үшін авиация тартылды. Су беру жүзеге асырылды. Шатырлы лагерьлер құрылып, өрт сөндіру орындарында ыстық тамақ ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 153 адам және 33 бірлік техника жұмылдырылды.