Мемлекеттік сатып алулар сайтында Маңғыстау облысы әкімдігі шамамен жалпы құны 102 миллион теңгеге жеті кроссовер сатып алмақ деген ақпарат тарады, — деп хабарлайды ErtenMediaLada.kz-ке сілтеп.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу сайтында «Маңғыстау облысы әкімдігінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көлік сатып алуға конкурс жариялағаны туралы хабарланды.
«Бір өтініште екі лот көрсетілген: біріншісінде 18 990 000 теңгеге бір автокөлік сатып алу қарастырылған, екіншісінде 83 340 000 теңгеге (бірлігіне 13 890 000) алты автокөлік сатып алу қарастырылған», — деп жазылған мәліметте.
«Шенеуніктер бұл мақсаттарға бюджеттен 102 миллион 330 мың теңге бөлуге дайын. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 24 ақпанында басталып, 3 наурызда таңғы сағат 9-да аяқталады», — деп жазылған ақпаратта.