Қазақстанның білім беру жүйесінен БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау) және ТЖБ-ны (тоқсандық жиынтық бағалау) толық алып тастау әзірге қарастырылмайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Министрлік қазіргі қолданыстағы бағалау жүйесі объективтілік және әділдік принциптеріне негізделгенін атап өтті. Бағалау рәсімдері қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер шеңберінде жүзеге асырылып, олардың тиімділігі үнемі бақылауда болады.
Дегенмен ведомство жанынан білім саласының сарапшылары, ғалымдар мен қоғам өкілдерінен тұратын арнайы жұмыс тобы құрылды. Мамандар БЖБ мен ТЖБ өткізу форматын қайта қарау жөнінде ұсыныстар әзірлемек.
Жұмыс тобының қорытындысы бойынша бағалау рәсімдерінің сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар дайындалады деп жоспарлануда.
Осылайша БЖБ мен ТЖБ-дан толық бас тарту жоспарда жоқ, бірақ бағалау форматы алдағы уақытта өзгеруі мүмкін.
Айта кетелік, бұған дейін сала басшысы Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептердің сапасына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







