Жексенбі күні әр белгіге әртүрлі көңіл-күй сыйлайды. Біреу рухани үйлесімді сезінсе, енді біреулерде мазасыздық пен өзгеріске деген құлшыныс басым болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір)
Тоқтыға бүгін бірнәрсе жетіспей тұратындай сезіледі. Сырттай қарағанда бәрі өз ретімен жүріп жатқанымен, жан дүниеңіз ерекше, тосын жағдайды іздейді. Қалағаныңызды таба алмасаңыз, өзіңіз бастама көтеріп, қызықты нәрсені жүзеге асыруыңызға болады. Бірақ шектен шықпаған жөн.
Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр)
Торпақ бұл күні пайдалы істі қолға алғысы келіп тұрады. Үй ішін де тарту ықтималдығы жоғары. Ең оңтайлысы – үйдегі жиһаздардың орнын ауыстыру немесе тазалық жұмыстары. Торпақтың осы бастамасы бүгін отбасы мүшелерінің қарсылығын туғызбайды.
Егіздер (21 мамыр – 20 маусым)
Егіздердің ісі жеңіл әрі сәтті өтеді. Күніңіз айтарлықтай өнімді болады. Өзіңіз де, айналаңыз да сіздің жоспарларыңыздың ретімен орындалғанына таңғалуы мүмкін. Бүгінгі күнді жоспарларыңыздың ең болмаса бір бөлігін іске асыруға арнаңыз.
Шаян (21 маусым – 22 шілде)
Бүгін Шаян өз жоспарының бәрін айналасындағыларға орындата алмайтынын анық ұғады. Түске дейін басқару мен бұйыруға деген құлшынысыңыз басылмаса, компьютерлік ойынға көңіл бөлгеніңіз жөн. Себебі шынайы өмірде адамдар сіздің әміріңізге оңайлықпен көне қоймайды.
Арыстан (23 шілде – 22 тамыз)
Арыстан үшін бүгінгі күн позитивті энергия мен ішкі тыныштыққа толы болмақ. Ойларыңыз бен сезімдеріңіз үйлесім тауып, қабылдаған шешімдеріңіз ақылды, орынды болады. Қандай ұсыныс айтсаңыз да, сенімді әрі нанымды шығады. Сондықтан батыл болыңыз.
Бикеш (23 тамыз – 22 қыркүйек)
Бүгінгі күн сізге көптеген мүмкіндік сыйлайды. Бірақ ұсақ-түйекке алаңдап, басты мақсаттан айнып қалуыңыз мүмкін. Кішкентай мәселелерге мән бермей, басты нәрсеге ден қойсаңыз, күніңіз табысты өтеді.
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Таразы үшін сәтті күн. Әлеуметтік ортадағы беделіңіз бен абыройыңызды арттыратын мүмкіндіктер өте көп болады. Кез келген жағдайда пайдаңызды асыра аласыз. Тек эмоцияңызды бақылауда ұстап, асығыс шешім қабылдаудан аулақ болыңыз.
Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)
Сарышаян үй ішіндегі мәселелерді шешуге барынша кіріседі. Жанұядағы атмосфера жайлы болып, туындаған түсініспеушіліктерді оңай шеше аласыз. Егер туыстарыңызбен араңызда бұрыннан қалған реніштер болса, бүгін ашық әңгіме арқылы қарым-қатынасты қалпына келтіруге тамаша мүмкіндік туып тұр.
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Мерген бүгінгі күннің қожайыны болғысы келеді. Оның ойын өзгерту немесе кеңес беру мүмкін емес. Есесіне Мергеннің өзі басқаларға ақыл айтудан жалықпайды. Дегенмен, оның кейбір кеңестері пайдалы болуы мүмкін. Бүгін ол жанжалға бармай, кез келген келіспеушілікті салмақты қабылдайды.
Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)
Тауешкі бүгін қаржы мәселесі мен махаббатта өз-өзіне сенімді болады. Ішкі тепе-теңдікті сақтаса, ісі жемісті жүреді. Басшымен жалақыны өсіру туралы сөйлесуге қолайлы күн. Бастысы – эмоцияға берілмей, аргументтерді нақты жеткізу.
Суқұйғыш (20 қаңтар – 18 ақпан)
Бүгін Суқұйғыш ортаның назарында болады. Әрі бұл назар жағымды әрі қолдаушы сипатта. Сондықтан алға қойған мақсаттарыңызды жүзеге асыруға таптырмас уақыт. Қорықпай, батыл қадамдар жасаңыз. Бүгін өзгелер сізді қуана қолдайды.
Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)
Бүгін айналаңыздағылардың біреуі сізді басқарғысы келуі мүмкін. Әрі бұл әрекет өте шебер орындалады, тіпті сіз байқамай қалуыңыз ғажап емес. Басқаның ығына жығылып кетпес үшін, сөздеріңізде «жоқ» деген жауапты жиірек қолданғаныңыз дұрыс.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







