Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Парламенттен кетеді деген ақпарат тарады. Бұл туралы Ulysmedia.kz дереккөзге сүйене отырып жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
«Ол жуық арада өзінің туған жері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалмақ. Берденовтің кандидатурасын Президент әкімшілігі мақұлдаған», — деп жазылған ақпаратта.
Айта кетейік, қазір Шымкент қаласының әкімі — Ғабит Сыздықбеков.
Руслан Берденов «Almaty Kus» Сеймар Групп ААҚ (2005 ж.); Procter & Gamble LLP компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі (2007-2010 жж.); EASTCOMTRANS ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің басшысы (2010-2012 жж.), «Ақ ниет» ЖШС бас директоры (2012-2018 жж.), «Ақ ниет» ЖШС байқау кеңесінің мүшесі (2018-2019 жж.), Aq niet Group байқау кеңесі төрағасының орынбасары (2019-2023 жж.) болған.