Қазақстан қор биржасында (KASE) 21 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 502,47 теңге болып, бір тәулікте 2,53 теңгеге өсті, деп жазады Dalanews.kz.
Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы 21 ақпанда керісінше тағы да арзандады.
ICE Futures электрон сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,48%—ға төмендеп, 1 баррелі 76,11 доллар болды.
NYMEX электрон сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,52%—ға арзандап, 1 баррелі 72,10 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 499,76 теңге болған.
21 ақпандағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары мынадай:
Астана
- 1 АҚШ доллары: сату – 500 теңге, сатып алу – 506 теңге.
- 1 еуро: сату – 523 теңге, сатып алу – 530 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,54 теңге, сатып алу — 5,7 теңге.
Алматы
- 1 АҚШ доллары: сату — 502 теңге, сатып алу – 506 теңге.
- 1 еуро: сату – 526 теңге, сатып алу – 531 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,55 теңге, сатып алу — 5,69 теңге.
Шымкент
- 1 АҚШ доллары: сату – 501 теңге, сатып алу – 505 теңге.
- 1 еуро: сату – 523 теңге, сатып алу – 529 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,55 теңге, сатып алу — 5,65 теңге.