Қазақстан мен АҚШ арасындағы жалпы құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер жасалды. Авиация, минералды ресурстар және цифрлық технологиялар сынды стратегиялық салалар осы серіктестіктің негізгі арқауы ретінде ұсынылды. Өзара ынтымақтастықтың көлемі мен бағыттарының көбеюі біздің елдің жаһандық нарықтағы орнын нығайтуға жол ашты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Президенттің шақыруымен америкалық компаниялар елімізде белсенді жұмыс істей бастағанда, бізде соларды қабылдауға барлық мүмкіндік туындағаны байқалады. Осы келісімдер арқылы біздің еліміз инвестиция мен технология жағынан жаңа кезеңге көшіп жатқанын аңғарамыз.
Саясаттағы символизмнің артында экономикалық мән жатыр. АҚШ-тың Қазақстанға бағытталған назары өзгерді деуге негіз бар. Бұрын орын алған серіктестік деңгейі енді тереңдеген стратегиялық әріптестікке айналды.
Өз кезегінде АҚШ Президенті Дональд Трампқа қазақ журналситері:
– Трамп мырза, Сізді Қазақстанға келген алғашқы АҚШ Президенті деп қашан айта аламыз? Біздің елге қонақ болу жоспарыңызда бар ма? – деген сауал қойды.
АҚШ Президенті Дональд Трамп:
– Бұл әбден мүмкін (Қазақстанға сапармен келу – ред). Барлық сала өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын білмейміз. Сіздің табиғи ресурсқа бай еліңіз, сондай-ақ парасатты Президентіңіз бар, – деп АҚШ Президенті жауап қайырды.

