Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінен шығарылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Досаев қордың директорлар кеңесінің құрамына былтыр желтоқсанда ғана енген болатын. Бұған қоса, оның аты-жөні «Бәйтерек» холдингінің ресми сайтындағы директорлар кеңесі құрамынан да алынып тасталған.
Айта кетерлігі, осы кезге дейін шешімге қатысты ресми хабарлама жарияланған жоқ. Досаев «Бәйтерекке» биылғы қаңтар айында ғана тағайындалған еді.
Еске салсақ, бұған дейін наурыздың соңында президент Тоқаев Ерболат Досаевты Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатқан болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







