Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесіне мүше болып сайланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қордың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, кеңестің жаңа құрамына премьер-министр Олжас Бектенов, Болат Жәмішев, Лука Сутера, Вонг Хэн Файн, Нұрлан Жақыпов, Мұхаммед Жәмил Әл-Рамахи және Ерболат Досаев кірді.
Сонымен қатар, жақында кеңеске жасанды интеллект Samruk-Kazyna Artificial Intelligence (SKAI) да енгізілген болатын.
Ерболат Досаев 19 қыркүйектен бастап Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарады. Бұған дейін Алматы қаласының әкімі болған.
Айта кетейік, бұған дейін қыркүйекте директорлар кеңесі құрамынан Қанат Шарлапаев шығарылған еді. Кейін ол «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінен де алынған.

