Li Auto бренді Алматыда алғаш рет ресми түрде өз есігін ашты. DOSCAR GROUP компаниясы ұйымдастырған бұл іс-шара отандық автоиндустриядағы ең елеулі әрі көпшілік асыға күткен оқиғалардың біріне айналды, деп хабарлайды Ertenmedia.
Самал-3 шағын ауданында орналасқан жаңа автосалон 10 желтоқсан күні алғашқы келушілерді қабылдап, Li Auto көліктерінің инновациялық мүмкіндіктерімен таныстырды. Автоорталықтың ашылу салтанатына белгілі кәсіпкерлер, сарапшылар, медиа өкілдері мен электрокөлік технологиясын қолдаушылар қатысты.
Жиын барысында қонақтар Li Auto модельдерінің интеллектуалды қауіпсіздік жүйесін, жүргізушілерге ыңғайлы ойластырылған эргономикасын, жоғары сапалы материалдары мен заманауи дизайнын көріп, бағалады.
Жаңа дилерлік орталық Li Auto брендінің әлемдік стандарттарына сай жабдықталған. Салонның ішкі кеңістігі көлік маркасының инновация, жайлылық пен экологиялық жауапкершілікті қатар алып жүретін философиясын толық көрсетеді.
DOSCAR GROUP өкілдері қонақтарға жаңа дилерлік орталықтың сервистік мүмкіндіктерін таныстырып өтті. Автосалон тұтынушыларға жеке менеджер ұсыну, автокөліктерге тест-драйв жасау, сондай-ақ Qazaq Energy Charge электрозарядтау станцияларын пайдалану қызметтерін көрсетеді. Оған қоса, автокөлік аксессуарларын ресми түрде таңдап сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған.
DOSCAR GROUP компаниясы коммерциялық қызмет жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Әлкен Әбдірайымов бұл шараның компания үшін де, тұтас Қазақстанның электрокөлік нарығы үшін де маңызы зор екенін атап өтті:
«Li Auto брендінің Алматыдағы жаңа орталығы – біздің бүкіл ұжым үшін ерекше кезең. Бұл – DOSCAR компаниясының нарықтағы стратегиясын нығайта түсуге бағытталған батыл қадам. Li Auto – инновацияны, жайлылықты және технологияны үйлестірген заманауи бренд. Қазақстан нарығында дәл осы марканың біздің серіктестер қатарын толықтырғаны қуантады. DOSCAR GROUP құрамындағы бұл 25-ші дилерлік орталық, әр орталықтың артында жүздеген маманның қажырлы еңбегі жатыр. Біздің тәжірибеміз бен кәсіби командамыздың арқасында Li Auto Қазақстан нарығында лайықты орнын табатынына сенімдімін», – деді ол.
Алматыда Li Auto орталығының ашылуы – DOSCAR GROUP компаниясының автонарықтағы көшбасшылық орнын тағы бір рет дәлелдеді. Енді қала тұрғындары мен қонақтары халықаралық беделі зор автокөліктерді сынап көріп, толық ресми кепілдік пен жоғары деңгейдегі сервистік қызметке ие болды.
DOSCAR GROUP – Қазақстанның 12 қаласында 25 дилерлік орталығы бар ірі компания. Ол тұтынушыларға автокөлік сатумен ғана емес, қосалқы бөлшектер, аксессуарлар ұсынатын Doscar App маркетплейсі және еліміздегі ең ірі Qazaq Energy Charge электрозарядтау желісі арқылы кешенді әрі қолжетімді қызмет көрсетумен айналысады.

