Біріккен Араб Әмірліктерінде жылжымайтын мүлкі бар 1500-ге жуық қазақстандықтың активтері тексеріледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев парламент кулуарында БАӘ-де мүлкі бар қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл мәселені Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитеті арнайы тексереді.
«Бұл мәселені Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитеті мұқият қарайды. Егер мүлік заңсыз жолмен алынған немесе елден заңсыз шығарылған болса, ондай активтер арнайы тізімге енеді.
Содан кейін оларды елге қайтару үшін тиісті шаралар қабылданады. БАӘ-де шамамен 1500-дей қазақстандық жылжымайтын мүлікке иелік етеді деген дерек бар.
Бірақ олардың бәрін бірден заңсыз деп айыптау дұрыс емес. Арасында адал еңбегімен ақша тауып, заң аясында мүлік сатып алған азаматтар да бар. Сондықтан тексеріс заң талаптарына сай жүргізіледі», – деді Әшімбаев.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

