Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Түркияның Бодрум жағалауында демалып жүріп, суға батып кете жаздады деп жазады Ertenmedia.
Куәгерлердің айтуынша, бес жұлдызды қонақүйдің жағажайында суға түскен Қадыров бір сәтте малти алмай, бата бастаған. Мұны байқап қалған қонақүй қызметкерлері бірден құтқарушылар мен дәрігерлерді шақырған.
Жедел әрекет еткен мамандар жағажайда Қадыровқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін жеке клиникаға жеткізген.
Дәрігерлер жағдайы бірқалыпты екенін, өміріне қауіп жоқтығын айтып, кейіннен ауруханадан шығарып жіберіпті.
Бір қызығы, бұған дейін мамыр айында Кадыров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «өлім мен ақыреттің сөзсіз болатыны туралы» философиялық толғауымен бөліскен еді. Осы жолы Эгей теңізі оған «философияның теория емес, практика екенін» еске салғандай болыпты.
«Эгей теңізі сырттай тыныш көрінгенімен, мінезі тосын әрі асау болып келеді. Жел екпіні жиі өзгеріп, су астындағы ағыстар күшейген кезде теңіздің тосын мінезіне тәжірибелі жүзгіштердің өзі төтеп бере алмай қалуы мүмкін», — деп жазған екен желідегі түркиялық белсенділер.
Айтпақшы, жақында ғана Қазақстан елшісі Кадыровтың ұлы Адамның тойына не үшін барғанын түсіндіріп, қоғам алдында ақталған болатын.
Шешен билігі басшысының басынан өткен жағдайға қатысты үнсіздік танытып отыр.