Екібастұзда 100 жұмысшының төленбей қалған 20 миллион теңге жалақы қызметкерлерге қайтарылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Екібастұз қаласының прокуратурасына «Екібастұз электр машиналары зауыты» ЖШС-ның қызметкерлері жалақының уақытылы төленбеуіне байланысты шағым түсірген. Кәсіпорынның жалпы саны 100 қызметкерінің еңбекақысы кешіктіріліп келген.
Прокуратура өкілдері дереу әрекетке көшіп, арнайы тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қызметкерлер алдындағы берешектің негізгі себебі – кәсіпорынның көрсеткен қызметтері үшін қаржының уақытылы түспеуі екені анықталды.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, заң бұзушылықты жою мақсатында тиісті шаралар қабылданып, 100 жұмысшыға жалпы сомасы 20 302 336 теңге көлеміндегі жалақы толық төленді.
Осылайша, прокуратураның араласуымен қызметкерлердің еңбек құқығы қорғалып, олар заңды еңбекақысын алды. Ал жұмыс беруші болса заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көз ауруын витаминдер мен сәбіз арқылы түбегейлі шешу мүмкін емес. Бірақ олар көзімізге қосымша қолдау болатыны анық. Көз дәрігерлері көздің саулығын сақтап, көру қабілетін жақсарту үшін қажетті дәрумендер мен микроэлементтер туралы тілшілерімізге айтып берді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







