Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірген. Бұған мекеме басшылығының оған жеңілдік жасамауы себеп болған, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға жазаны өтеу тәртібін бұзған жағдайда көтермелеу шаралары қолданылмайды.
«Бұл сотталушы бір рет заң бұзғанын ескере отырып, сот сотталушының шағымын қанағаттандырмады», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Алайда Бишімбаевтың қандай заң бұзғаны айтылмады.
Айта кетейік, биыл 26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы болған еді. Алайда олардың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады.
Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.
Әйелін өлтіргені үшін 24 жылға қамауға алынған Қуандық Бишімбаев ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
Бұған дейін ҚАЖК өкілдері колонияда экс-министр үшін жұмысқа қолайлы орын әлі бос емес екенін, сондықтан жұмысқа тұрмағанын мәлімдеді.