ERG корпорациясының төңірегінде тартыс қыза түскендей… Алып компанияны дамытуды көздеген Шухрат Ибрагимовтың жолын кесіп, елдің байлығына қол салғысы келетіндер ашық күреске шықты. Олар ескі заманды көксейтін Патох Шодиев пен оның айналасы…
Патох Шодиевтің бар ойы мемлекет арқа сүйеп отырған кәсіпорындар мен активтерді арзанға сатып, ақшаны шетел асыру. Бұдан кейін өзі, қызы, құдасы, күйеу баласы бәрі-бәрі Лондонның шырайлы көшелерінде шалқып өмір сүруді ғана ойлайды.
Бірақ Шодиевтің көксегені бола қоймас. Жас менеджер Шухрат Ибрагимов дәл осы қасіретке қарсы күресуде. Ол корпорацияның ресурсын акционерлерге дивиденд таратпай, өндірісті жаңғыртуға, жұмысшының жалақысын көтеруге бағыттауды таңдап отыр. Алайда дәл осы адамгершілікке Патох Шодиев миы жетер емес.
Бүгінде бұл дауға Шодиевтің қызы Муниса Шодиева да араласуда. Муниса үшін қазақтың ен байлығы Лондондағы жылжымайтын мүлікке айырбастайтын валюта.
Шухрат Ибрагимов «Еуразиялық қаржы компаниясы» директорлар кеңесінің шешімін орындауды талап етіп, сотқа шағым түсірсе, Патох Шодиев сол шешімдерді жоққа шығаруды талап етіп, қарсы арыз бергенін білеміз. Оған енді қызы Муниса қосылып, Ибрагимовты аяқтан шалуға барын салуда.
Муниса Шодиева мен оның әкесі Қазақстандағы кәсіпорындарды саудаға салып, тауарға айналдыруды көздейді. Олардың логикасы қарапайым, бүгін ERG-ді сатып, ертең ақшасын Еуропаға аудару, Қазақстанда бір тиын қалдырмаса болды. Бірақ қарапайым халықтың еңбегімен құралған активтерді саудаға салуға Шухрат Ибрагимов бастаған жас менеджерлер табанды түрде қарсылық танытуда.
Муниса ханымның өмір жолы да – ата-анасының ақшасымен ғана өрілгенін білеміз. Оның өмір жолына үңілсеңіз ENRC-дің инвесторлармен байланыс бөлімін басқарғанын, Шодиев қорының директоры болғанына көз жеткізесіз. Муниса ханым қандай қызметте жүрсе де Қазақстанды тек бизнес жоба, қаржылық ресурс деп қарағаны жасырын емес.
Шодиевтер әулеті туралы әңгімені бастасаң, бір сәтке Голливудтың ең интригалы сериалдарының бірін көріп отырғандай күй кешесің. Осы әулеттің «жұлдызы» Муниса Шодиева мен оның күйеуі Виктор Ханна қазір халықаралық тергеулердің бел ортасында жүр. Екеуі де өздерін «бизнесмен» деп атайды, бірақ жасаған әрекеттеріне қарасаң, бизнес пен алаяқтықтың араластырып жібергенін байқайсың.
Виктор Ханна Мысырдан шыққан «кәсіпкер». Шын мәнінде, Патох Шодиевтің Африкадағы сенімді серігі. Екеуі бір кезде ENRC корпорациясының Африка бағытындағы жобаларын бірге басқарған. Ал сол жобалардың ішінде ең атышулысы – Оңтүстік Африкадағы Конгони марганец кен орнының сатып алу кезінде біраз күмәнді әрекеттерге барған. Сол себепті халықаралық тергеулер күйеу баланың соңына шамы түскені.
Ханна басқарған топ Оңтүстік Африкада марганец кен орнын алу кезінде түрлі қаржылық маневрлер жасап, мәміленің құны мен нақты төлемдердің арасында үлкен айырмашылық болған. Ақша кімнің қалтасына кетті? Әрине, Виктор Ханна мен оның «әріптестерінің» жеке шоттарына түскені анық. Енді олар ERG корпорациясын жарға итермелеп жатыр. Бірақ олардың мұндай пайдакүнем ойынан түк шықпасы анық.
Нұрлан Жұмахан