2025 жылғы 26 наурызда Эстонияның Таллин қаласында «Наурыз» мерекесі аясында Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы елшілігі және Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы бірігіп, алғаш рет тоғызқұмалақтан шеберлік сабағын ұйымдастырды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Шараға Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы елшісі — Алтай Көлгінов, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Вице-президенті — Мақсат Раманқұлов, дипломатиялық корпус өкілдері мен жергілікті билік басшылары қатысты.

Шеберлік сабағын тоғызқұмалақтан 3 дүркін Әлем чемпионы — Серік Ақтаев өткізді.

2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген.
2024 жылы 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасындағы тоғызқұмалақ жарысына 41 елдің спортшылары қатысты.
Бүгінгі таңда тоғызқұмалақтан 7 Әлем чемпионаты, 6 Азия чемпионаты өткізіліп, 50-ден астам елде насихаттаушылары мен өкілдері бар.