FlyArystan жолаушылары үшін қуанышты жаңалық. 1 наурыздан бастап әуе кемесіне алып кіруге рұқсат етілген қол жүгі 5-тен 7 келіге дейін артты деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жаңа өзгеріс жолаушыларға жайлырақ сапарлауға мүмкіндік береді. Қол жүгі көлеміне қойылатын талап бұрынғыша қалды 56×23×36 см.
Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, жаңа ереже мұқият талданып барып қабылданған. Тасымалдаушы нарықтағы сұраныс құрылымын, операциялық үрдістерді және басқа авиакомпаниялардың тәжірибесін терең зерделепті.
Жап-жаңа талап 2026 жылдың 1 наурызынан бастап ұшатын барлық рейске, билет сатып алынған күнге қарамастан қолданылады.
Ал 2026 жылдың 28 ақпанына дейін орындалатын рейстер бұрынғы ережеге сай әр жолаушыға 5 келіге дейінгі қол жүгін алуға рұқсат етіледі.
Дегенмен…
FlyArystan бір адамға бір сөмке («one-piece concept») қағидасын сақтап қалды. Жолаушы тек бір ғана қол жүгін алып, оның салмағы мен көлемі белгіленген талапқа сай болуы тиіс.
Компания ұсынған дерек бойынша, 2024-2025 жылдары FlyArystan жолаушыларының 75 пайызы багаж рәсімдемей, тек минималды қол жүгімен ғана ұшқан. Осылайша, жаңа ереже жолаушылардың басым көпшілігінің сұранысына сай келеді.
FlyArystan арзан тарифті тасымалдаушы (лоукостер) моделін сақтайды: багаж, орынды таңдау және басқа қосымша қызмет бұрынғыдай жолаушының өз еркімен және жеке қалауы бойынша ақылы түрде ұсынылады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

