Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «әлеуметтік» газ ұрлаған қылмыстық топты ұстады, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп, өңірде кен орнының аумағынан «әлеуметтік» газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады.
Ведомство мәліметінше, олар — газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары.
«Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газы бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленеді. Жедел тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр», — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.