Назарбаев әулетінің экc-келіні Гүлмира Сатыбалды соңғы сөзінен бас тартты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
28 тамызда өткен сот отырысына тергеу изоляторынан онлайн режимде қосылған Гүлмира Сатыбалды денсаулығына байланысты сот процесіне толық қатыса алмайтынын айтты.
Кеше өткен сотта ол өзін нашар сезінуіне байланысты қатыспаған еді. Оның құқығын адвокаты Әсемгүл Даниалова қорғады.
Бүгінгі процесте айыпталушы судья Мартпек Кәкімжановтан сот жарыссөздерін өз қатысуынсыз жалғастыруды өтінді. Судья оған заң бойынша сотталушының соңғы сөзін айтуға құқығы бар екенін түсіндірді.
«Сіздің жағдайыңызды түсінемін, үш айға созылған сот процесі бәрімізге оңай болған жоқ. Бірақ бүгін сіздің жарыссөзде сөз сөйлеуге және соңғы сөз айтуға құқығыңыз бар. Аздап шыдамдылық танытыңыз», – деді судья.
Гүлмира Сатыбалды сот процесіне қатыса алмайтынын айтып, соңғы сөзден де бас тартты.
Еске салсақ, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды бопсалау және кәсіпкерді заңсыз еркіндігінен айыру бойынша айыпталып отыр.

