Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің Тегерандағы аса қорғалған резиденциясы АҚШ пен Израильдің бірлескен соққысынан кейін ауыр зардап шекті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Airbus компаниясының жаңа спутниктік кадрларында аятолланың кешені қара түтінге оранып, кейбір ғимараттары толықтай қираған күйде бейнеленген. Суреттерді алғаш болып The New York Times жария етті.
Шабуыл АҚШ пен Израильдің «Ақырған арыФото: khamenei.irстан» әскери операциясы аясында жасалды. Операция барысында Тегерандағы әскери объектілер, зымыран шығаратын кәсіпорындар мен аятолла Хаменеидің кеңсесі орналасқан аудан соққы астында қалды. Иран билігі шабуылға қатаң әрі аяусыз жауап беретінін мәлімдеп, дереу қарсы соққылар жасады.
Иранның жауабы ретінде Израиль мен АҚШ-тың Таяу Шығыстағы базалары атқыланып, БАӘ, Бахрейн мен Катарда жарылыстар орын алды. БАӘ аумағында адам шығыны тіркелді.
АҚШ президенті Дональд Трамп жағдайдың ушығып бара жатқанын мойындап, америкалық сарбаздардың да шығыны болуы мүмкін екенін ескертті.

Ол Иран әскерилері мен Ислам революциясы сақшылар корпусына үндеу жолдап, қаруларын тапсырмаса, «өлімге тап болатынын» ашық айтты. Трамп сонымен қатар ирандықтарды өз үкіметіне қарсы көтерілуге шақырды.
Тегеран әлгі әрекеттерді «қылмыстық әскери агрессия» деп бағалап, қарулы қақтығыстардың тоқтамайтынын көрсетті. Қазіргі уақытта аймақта әскери іс-қимылдар жалғасып, жағдай шиеленісіп тұр. Трамптың мәлімдеуінше, америкалық тараптың операциясы кең көлемді және жақын арада аяқталмайды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







