Америкалық кәсіпкер Илон Масктың байлығы адамзат тарихында алғаш рет 700 миллиард доллардан асып түсті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Forbes журналының мәліметінше, Масктың дәулеті Делавэр штатының жоғарғы соты Tesla акцияларына қатысты шығарылған бұрынғы сот шешімінің күшін жойғаннан кейін күрт өскен. Төменгі сот бұған дейін Масктың акцияларға опцион түріндегі сыйақысын заңсыз деп таныған еді. Қазіргі таңда бұл опциондардың жалпы құны – 139 миллиард доллар.
Сот шешімі қайта қаралғаннан кейін Илон Масктың жалпы байлығы рекордтық 749 миллиард долларға жеткен.
Бұған дейін де Forbes Маскты капиталы 600 миллиард доллардан асқан алғашқы адам ретінде атаған болатын. Ол кезде кәсіпкерге тиесілі SpaceX компаниясының нарықтық құны 800 миллиард доллардан асқан еді. Бұл көрсеткіш компания акцияларын сатып алу жөніндегі көпшілікке арналған ұсыныстан кейін тіркелген болатын.
Бұған дейін депутат Смирнова Илон Масктің ұсынсына қолдау білдірген болатын.

