2025 жылғы қаңтар-қазан аралығында телекоммуникация, сым және сымсыз желілер арқылы көрсетілген интернет қызметтерінің көлемі 724,2 млрд тг. құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1% көп, деп жазады Ertenmedia.kz.
Оның ішінде тұрғындарға көрсетілген қызметтердің көлемі 517,2 млрд тг, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3% артық.
Барлық көрсетілген интернет қызметі көлемінің 81,9% Астана және Алматы қалаларына тиесілі.
10 айда тіркелген интернет абоненттерінің саны 3,2 млн бірлікті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,9% көп.
Интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттерінің саны 19,3 млн бірлікті құрады, өсім – 2,8%.

