Психикалық аурулардың себептерін зерттеген ғалымдар ішек микрофлорасының рөліне қайта назар аударып отыр. Жаңа зерттеу нәтижелері ішек денсаулығы мен психикалық бұзылыстар арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ғалымдар депрессия, мазасыздық, биполярлық бұзылыс және психоз сияқты ауруларға шалдыққан адамдарда пайдалы бактериялардың деңгейі төмен болатынын анықтаған. Атап айтқанда, қабынуға қарсы әсері бар Faecalibacterium және Coprococcus бактериялары мұндай науқастарда аз кездеседі.
Зерттеу барысында 59 ғылыми жұмысқа талдау жасалып, психикалық аурулары бар адамдардың ішек микробиомында ұқсас өзгерістер бар екені байқалған. Соның ішінде қабынуды күшейтетін Eggerthella бактериясының деңгейі жоғары екені анықталған.
Яғни, мұндай науқастардың ішек ортасы қабынуға қарсы бактериялардың жетіспеушілігімен және керісінше қабыну процестерін күшейтетін микроағзалардың басым болуымен сипатталады.
Зерттеудің бірінші авторы, Корольдік колледждің фармакология және педиатрия институтының маманы Виктория Николованың айтуынша, нақты бір ауруға тән биомаркерлер анықталмағанымен, ішек жағдайы мен психикалық денсаулық арасында айқын байланыс бар.
– Біз әртүрлі психикалық бұзылыстар кезінде ішек микробиомында ұқсас өзгерістер бар екенін байқадық. Әсіресе қабыну процесіне әсер ететін бактериялардың теңгерімі бұзылатыны анық көрінеді, – дейді зерттеуші.
Зерттеу жетекшісі, профессор Аллан Янгтың пікірінше, шек микрофлорасы мен түрлі психикалық аурулар арасындағы байланысты кешенді түрде қарастырған алғашқы ауқымды шолу.
Оның айтуынша, ішек микробиотасындағы өзгерістер психикалық аурулардың дамуына әсер ететін негізгі механизмдердің бірі қабыну процестерімен тығыз байланысты болуы мүмкін.
Ғалымдар ішек микрофлорасының жағдайы адамның жалпы психикалық денсаулығы үшін маңызды фактор екенін атап өтеді. Сондықтан болашақта психикалық ауруларды емдеу барысында тек психологиялық немесе медикаментоздық тәсілдермен шектелмей, ішек денсаулығына да көңіл бөлу қажеттігі туындап отыр.
Бұл зерттеу адам ағзасындағы жүйелердің өзара тығыз байланыста екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, психикалық денсаулық мәселесіне жаңа көзқарас қалыптастырып отыр.
Көз ауруын витаминдер мен сәбіз арқылы түбегейлі шешу мүмкін емес. Бірақ олар көзімізге қосымша қолдау болатыны анық. Көз дәрігерлері көздің саулығын сақтап, көру қабілетін жақсарту үшін қажетті дәрумендер мен микроэлементтер туралы тілшілерімізге айтып берді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







