ҚР Ішкі істер министрлігінде жаңа ақпараттық кешен құрылып, республикадағы ішкі істер органдарының барлық деректерін біріктіру көзделінуде. Бұл мақсатқа мемлекет қазынасынан 465 миллион теңге (910 мың доллар) бөлінген. Жаңа жүйенің көмегімен полиция шешім қабылдау үдерісі жеделдетпекші екен.
Кешенге қажетті жабдықтар 2024 жылы сатып алынған. 2025 жылы оның қорғаныс жүйесі тексеріліп, биыл толық іске қосу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қазақстанда көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі де жаңғыртылуда. Бұл мақсатқа 335 миллион теңге (653 мың доллар) бөлінген. Жаңартылған жүйе көші-қонды бақылаудағы қауіптерді алдын ала анықтап, болдырмауға бағытталған.
Қазіргі уақытта жүйе жетілдіріліп жатыр, ал жаңартылған нұсқасы 2025 жылы іске қосылуы тиіс.