Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мен Ислам даму банкінің аймақтық басшысы Әли Мұхаммед Ханмен кездесті. Басқосуда өңірдің инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыруға қатысты келіссөздер өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Абай облысы әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен ұйымдастырылған кездесуде Абай облысының алдағы даму жоспары таныстырылды. Семей қаласының инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды жоба қарастырылды.
Ислам даму банкінің өкілі ұсынылған бастамаларға жоғары баға беріп, олардың банктің қаржыландыру талаптарына толық сай келетінін жеткізді.
Келіссөз қорытындысы бойынша екі жақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі индустриялық және әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысымен танысып, Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуын тексерді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







