Іздеуде жүрген алаяқ Түркияда ұсталды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен бірге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған 42 жастағы әйелді Анталья қаласында ұстады.
«2009 жылы ол Ақтау қаласындағы банктердің бірінің директорының орынбасары бола отырып, жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген. Ақшаны алу кезінде әйел қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, артынан жасырынған», — деп жазылған хабарламада.
Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта қамауда.