Кабинетінде қыз зорлады деп айыпталған полицияның бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты апелляциялық сот шешімі белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Tengrinews.kz мәліметінше, Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы бұрын қыз зорлау дерегі бойынша сотталған бұрынғы жоғары шенді полиция қызметкеріне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Ол 17 шілдеде сотқа апелляциялық шағым түсірген болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Талдықорған полиция басқармасының бұрынғы бастығы зорлық дерегі үшін сотталды.
Тағылған айыптарға сәйкес 2023 жылғы 12 қарашада К. Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы бола тұра, полиция басқармасының ғимаратында, атап айтқанда өзінің қызметтік кабинетінде зорлау, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасаған.
Сот үкімімен К. ҚК-ның 120-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
ҚК-ның 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес К. «полиция полковнигі» арнайы атағынан айырылды.