«Қазгидромет болжамдары технология пайдаланған кездері әрдайым быт-шыт болатын, бұл жолы да сондай болып отыр. Миллиардтаған теңгені бекерге жеп отырғандай көрінбейік деп, біздің жұмысты жоқ етуге тырысуда! Оларға өз құлқындары Аралдың тағдырынан артық болып тұр ма сонда? Бірігіп ғылыми жұмысқа шақырсаң, қашады. Не ол сонда? Әлде Аралға су жобасы кейбір топтардың «интерестеріне» зиян болып жатыр ма? Қытайлықтарды Аралға кіргізуге мысалы. ҰҚК, Бас Прокуратура, құзырлы органдар, осы мәселеге мән берулеріңізге шақырамын! Менің миссиям анық — Аралға су, Аралды тірілту!» — деді ол.
Бұған дейін Ertenmedia порталымен пікірлескен маман «Арал өңіріне жаңбыр жауғызамын» деген ойын ортаға салды.
«Біз Қазақстанда жұмыс жасаған мерзімдер: 2021 жылдың қазан айы, 2022 жылдың наурыз , сәуір, мамыр айлары және 2023 жылдың тамыз айы. Сонымен қатар 2024 жылдың 18 маусымынан бастап жұмысты жалғастырып жатырмыз. Осы кездердің барлығына ортақ бір құбылыс бар – Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында жауын-шашын деңгейі көп болған.
Атмосфера – статикалық емес. Барлық нәрсе айналып тұрады. Экватордың солтүстігінде атмосфера қозғалысы батыстан шығысқа жүреді. Сондықтан Аралға жасалып жатқан тәжірибенің Алматыға әсері болуы заңдылық. Және біз циклондарды технология көмегімен ұзақ уақытқа ұстап тұруға ықпал етіп жатырмыз. Бірақ болашақта, үкімет қолдап, материалдық техникалық базамыз күшейгенде Аралдың тарихи табанының үстіне жауынның біршама бөлігін локализация жасаймыз», — дейді ол.