Қазақстанның киберспортшысы Данил «molodoy» Голубенко Counter-Strike 2 ойыны бойынша беделді HLTV Awards сыйлығының «2025 жылдың үздік жаңа ойыншысы» номинациясын жеңіп алды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Салтанатты марапаттау рәсіміне Голубенко ұлттық нақыштағы шапан киіп шығып, сахнадағы сөзін «Алға, Қазақстан!» деген ұранмен аяқтады. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Осы ретте айта кетерлігі, балаларыңыз уақытын CS2 ойынымен өткізсе, олардың арасында да болашақ «жұрттың баласы» өсіп келе жатуы әбден мүмкін.
Айтпақшы, Қазақ Ұлттық университетінің оқу корпустары мен жатақханаларының шатырларына инвестор есебінен күн панельдері орнатылды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

