«Көлсай көлдері» МҰТП «Парктер шеруі-2025» табиғат қорғау акциясы аясында 85 іс-шара өткізіліп, 685 ағаш отырғызылды, 168 ұя орнатылды, 5,3 тонна қоқыс шығарылды. Шараларға 4252 адам қатысты. Бұл туралы Көлсай көлінде өткен акцияның қорытынды жиынында белгілі болды.
Оның ішінде дөңгелек үстел, тақырыптық көрмелер, мектеп оқушыларымен кездесу дәрістері, «Таза Қазақстан», «Таза аймақ», «Мөлдір бұлақ», «Су тіршілік көзі» акциялары бар.
Көлсай көлінде өткен қорытынды жиын мектеп оқушыларының қолөнер бұйымдары мен суреттерінің көрмесінен басталды. Оқушылар табиғатты қорғау, экология тақырыбында 50-ден астам туынды ұсынды. Олардың ең үздігін кәсіпкер Қанат Өскенов сатып алды.
Қалған сурет, қолөнер бұйымдары «Көлсай көлдері» МҰТП музейіне қойылмақ. Жиында үздік суреттер мен қолөнер бұйымдарының авторлары, сонымен қатар табиғат туралы өз шығармашылығынан өлең шығару, би конкурстарының да жеңімпаздары срнайы сыйлықтарға ие болды.
Биыл 19-шы рет өткізілген Парктер шеруіне Кеген ауданындағы 16 мектеп белсене қатысқан. Олардың ішінде ең белсенді 6 мектепті «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Бақыт Жүнісов арнайы сыйлықтармен марапаттады. Атап айтқанда Кеген аймағы бойынша Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектеп 1-ші, Бөлексаз орта мектебі 2-ші, Қарқара орта мектебі 3-ші орынға, Жалаңаш аймағы бойынша Жамал Ермегияев атындағы орта мектеп, А.Түркебаев атындағы мектеп-лицейі, Майлы Орманов атындағы орта мектебі 1,2,3 орындарға ие болды.
Жиында акцияға демеушілік көмек көрсеткен ЖК «Мақсат», ЖК «Албан», «Арн Групп» ЖШС-не, «Pana» ЖШС-не, ЖК Бұлақбаева, «JS Travel» ЖШС-не, ЖК «НұрСая», НП Көлсай ЖШС-не, ЖК «Тілемісов», «Saf Group De» ЖШС-не де Ұлттық парк басшылығы алғыс білдірді.
Қорытынды жиынға Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, «Өрлеу» Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Қайсар Нұрлыбаев, Кеген ауданы орман шаруашылығы мекемесінің директоры Айболат Әскербекұлы және мектеп оқушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Айта кетейік, 22 наурыз бен 05 маусым аралығында республика бойынша қорықтар мен ұлттық парктер арасында «Парктер шеруі» акциясы өтеді. Акцияның мақсаты — ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзекті мәселелеріне адамзаттың жанашырлық көзқарасын қалыптастыру. Акция кезінде түрлі байқаулар, дөңгелек үстел, экологиялық акциялар (тазалық жұмыстары, ағаш отырғызу, бұлақ көздерін тазалау), тақырыптық көрмелер мен концерттер ұйымдастырылды.
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2007 жылдан бері акция аясында туған жер тарихы мен мәдениетін насихаттауға, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастырып келеді.
«Көлсай көлдері» МҰТП 2007 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 07 ақпандағы қаулысымен құрылған. Қазіргі таңда Ұлттық парк 161 045 мың гектар аумақты алып жатыр.
Парк аумағында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр биіктікте өсетін өсімдіктер мен жануарлар әлемі, керемет өзендері мен көлдері, қырлы ландшафтары әлі де болса, адам аяғы баспаған, шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген, ерекше табиғи орта кездеседі. Олардың ішінде аса құнды табиғи әсемділігімен көз тартатын Көлсай, Қайыңды, Саты, Күрметі, Құдырғы, Кіші Өрікті, Үлкен Өрікті секілді барлығы үлкенді — кішілі 20-дай өзен, Солтүстік Тянь-Шань тауының Күнгей Алатау сілемдеріндегі Шелек өзеніне құяды.
«Көлсай көлдері МҰТП 2024 ж. бойынша қысқаша қорытындысы
Ұлттық парктің негізгі қызметінен бөлек, рекреациялық қызмет түрлерінен 2024 жылы 260 262 804,51 теңге қаражат түскен. Парк аумағына 2024 жылы 395 386 адам келген. 2025 жылы бұл көрсеткіш 400 000-нан асады деп күтілуде. Өткен жылы республикалық бюжетке ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланудан 84 394 700 теңге қаражат құйылған. Жыл соңына дейін парк аумағынан 103 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылған.
Туристер мен келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында абаттандыру мен цифрландыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. 2024 жылы Алматы облысы туризм басқармасынан Қайыңды көлінен 450 м. баспалдақ жолдар салу үшін қаражат бөлініп, жасалынды. Оған дейін Көлсай көлі маңында баспалдақ жолдар салынған. Көлсай бақылау өткізу тоспасына картасымен төлем қабылдау жүйесі іске қосылды. Қайыңды бақылау өткізу тоспасына электрондық шлагбаум орнатылды. Төменгі Көлсай көліне 3 жерге тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтайтын қалқалар жасалынды.
Ұлттық парк аумағындағы Санитарлық гигиеналық тораптар саны — 11. Көлсай көлінде – 6, Қайыңды көлінде -5 данасы орнатылған.
Төменгі Көлсай көліндегі авто тұрақтан көлдің жағасына дейінгі жолдарға 8 дана көше жарықтандыру шамдары орнатылады.
Төменгі Көлсай көліне ТОО «Freedom» компаниясы 9 дана Сергек және 15 дана бейнебақылау камерасын орнатты.
«Көлсай көлдері» МҰТП аумағында «Жасыл даму» бағдарламасы пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Мақсаты ерекше қорғалатын табиғи аумақта тазалықты сақтау, адамдардың табиғатқа деген қарым-қатынасын өзгерту болып табылады. Төменгі Көлсай көліне қатты тұрмыстық қалдықтарды іріктеп жинауға арналған 2 дана фандомат, 14 дана күл-қоқыс жинайтын үлкен контейнер, 10 дана баннер, 3 дана әр түрлі қоқыс салатын жәшік орнатылып және 120 мың дана биоыдырайтын пакеттер берілді.
Ұлттық парк аумағына келген демалушыларға маршрут пен жүріп өту үшін арнайы 9 туристік маршруттың ұлы телефон арқылы жүріп өтуге арналған офлайн картасы жасалынды.
«Көлсай көлдері МҰТП 2025 жылдың жазғы туризм маусымына дайын
Бұл жұмыстар 2025 жылы да жалғасын табады. Атап айтқанда, Орталық кеңседе орналасқан музей мен Көлсай БӨТ-ның жобалық сметалық құжаттамасын жасау. Санитарлық гигиеналық қондырғылар (СГУ) жұмысын қадағалау және орнату. Қайыңды көліне пирстар салу. Төменгі Көлсай көлінен Ортаңғы Көлсай көлінің аралығында туристік соқпақ салу (7100 шақырым) абаттандыру, жаңа ақпараттық тақталар орнату.Таңбалы тас, Суықтоғай шатқалы туристік бағытында БӨТ-на шлагбаум орнату. Төменгі Көлсай көліне, Таңбалы тас, Суықтоғай шатқалы, Кайыңды, ТҚҚ жинайтын қалқалар орынын даярлау жұмыстары жүргізіледі.