Қазақстанда компаниялардың штаттағы қызметкерлерін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына әдейі ауыстыру арқылы салықтан жалтару фактілері тексеріліп жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Мемлекеттік кірістер комитеті арнайы салық режимдерін басқару бөлімінің басшысы Ерқанат Шынбергеннің сөй деп мәлімдеді. Айтуынша, салық реформасынан кейін елде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны күрт артқан. Сарапшылар кейбір компаниялар ресми түрде қызметкерлерін штаттан шығарып, оларға өз бетінше жұмыс істейтін жеке тұлға ретінде ақы төлеуге көшкен болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.
«Мәселе кімге қызмет көрсетіп жүргеніңізде. Егер азамат өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде тек бір компанияға ғана тұрақты түрде жұмыс істесе, жұмыс берушімен нақты еңбек қарым-қатынасы қалыптасқан болса, онда сұрақтар туындайды», – дейді Ерқанат Шынберген.
Салық органдарының назарын аударып отырған басты себеп – штаттағы қызметкер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың салығында елеулі айырмашылық бар. Осы арқылы кейбір жұмыс берушілер салық жүктемесін төмендетіп, шығындарын қысқартқысы келеді.
Қазір Мемлекеттік кірістер комитеті осы схемаларды анықтап, талдау жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша, арнайы салық режимдерін заңсыз қолданған компанияларға талап күшейтілуі мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін уақытша қаржылық қиындыққа тап болған қазақстандықтарға кепілсіз салықтық жеңілдіктер ұсынылатыны хабарланған еді. Қаржы министрлігі тиісті өзгерістерді ашық талқыға шығарды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







