Президент Тоқаев Путинмен сөйлесіп, Новгород облысындағы президент резиденциясына жасалған шабуылды сынға алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Әзірге Ресей Сыртқы істері Сергей Лавров 29 желтоқсанға қараған түні Киев Путиннің Новгородтағы резиденциясына дронмен шабуыл ұйымдастырғанын мәлімдеген еді.
Зеленский ақпаратты жоққа шығарып, оны келіссөздер процесін тұйыққа тіреуге арналған жалған мәлімет деп атады. Айтуынша, Ресей осы арқылы Украинаға соққы жасауға сылтау іздеп отыр.
Тоқаев әлгі әрекетті айыптай келе, мұндай қадам екі ел арасындағы мәселені бейбіт жолмен шешуге септеспейтінін атап өтті. Сонымен қатар, Дональд Трамптың араласуымен Украина мен Ресей арасындағы келіссөзде ілгерілеу байқалғанын оң бағалады.
Айта кетейік, осыған дейін Владимир Зеленский Украинадағы жағдайды талқылау үшін Флоридада Трамппен арнайы кездескен болатын.
Кремль көсемінен Жаңа жылдық құттықтау
Осы оқиғалардың аясында Кремль жаңа жыл қарсаңында бірқатар елдердің басшылары мен бұрынғы жетекшілеріне құттықтау жолдады. Путин жаңа жылдық және рождестволық құттықтауын Тоқаевқа және күне кеше Мәскеуге барып экс-президент Назарбаевқа жолдаған екен.
Кремльдің баспасөз қызметі хабарлауынша, Тоқаев қазіргі басшылардың жалпы тізімінде болса, Назарбаев бұрынғы мемлекет басшылары арасында жеке құттықтау алған.
Тізімде Батыс елдерінің басшылары жоқ болып шықты.
Айта кетейік, екі күн бұрын Владимир Путин Кремльде Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдаған еді. Бұл олардың 2025 жылдағы екінші кездесуі. Нұрекеңнің Мәскеу сапары туралы осы тұстан оқи аласыз.
Депутат Бапи өз кезегінде экс-елбасының жүріс-тұрысын жіті қадағалауды ұсынып отыр.
Тұшымды контентті Ertenmedia-ның телеграм арнасынан оқыңыз.

