Таңертеңнен бері Иранның батысындағы Күрдістан провинциясының бірнеше ауданына Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) бөлімшелері жаппай жіберіліп жатқаны хабарланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Әскери колонналар мен арнайы жасақтың қозғалысы
Iran International деректері бойынша, орта және ауыр сыныптағы қару-жарақпен жарақтанған әскери техника керуендері көршілес провинциялардан Сенендедж, Камьяран, Сервабад, Мериван және Бане қалаларына бағытталған.
Камьярандағы дереккөздер КСИР-дің «Саберин» арнайы жасағының жүздеген әскери қызметшісі Шаху таулы аймағына жөнелтілгенін хабарлады.
Бұдан бөлек, барлау бөлімшесінің қызметкерлері Урмия қаласындағы «Хамзе Сейед аш-Шохада» әскери базасынан Сенендедждегі «Бейт әл-Мұқаддас» базасына ауыстырылғаны туралы ақпарат пайда болды.
Әскери күштердің мұндай ауқымды қозғалысының нақты себептері ресми түрде айтылған жоқ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






