Құрбан айт қарсаңында Қазақстанда құрбандыққа шалынатын мал бағасы айтарлықтай өсті, деп жазады Ertenmedia.kz.
2026 жылы мал басы көбейгеніне қарамастан, нарықтағы баға төмендеген жоқ. Наурыз айының соңындағы дерек бойынша, елімізде ірі қара саны 9,2 млн басқа жеткен. Бұл былтырғыдан 2,9 пайызға көп. Қой саны 21,1 млн бастан асып, 2,3 пайызға артты. Жылқы 7,1 пайызға, түйе 2 пайызға көбейген.
Соған қарамастан, мал базарындағы баға халық қалтасына салмақ түсіріп отыр. Орта есеппен сиыр бағасы 489,3 мың теңгеге, бұқа 526,7 мың теңгеге, жылқы 581,3 мың теңгеге жеткен. Қойдың орташа бағасы 77,2 мың теңге болса, қошқар 86,3 мың теңгеге дейін қымбаттаған. Ең қымбат мал түйе. Оның орташа бағасы 804 мың теңгеден асады.
Ал құрбандықты ресми сервис арқылы шалдырғысы келетіндер үшін баға одан да жоғары. Биыл ірі қара 630 мыңнан 945 мың теңгеге дейін бағаланған. Қой 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейін, ешкі 55 мыңнан 100 мың теңгеге дейін тұр. Түйе арқылы құрбандық шалу құны 1,1 млн теңгеге жеткен.
Биыл Қазақстанда алғаш рет ҚМДБ платформасы арқылы құрбандықты онлайн рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды. Кей азаматтар үшін мұндай формат ыңғайлы. Дегенмен онлайн тәсіл мал бағасына әсер етіп отырған жоқ. Бағаны нарықтағы сұраныс, тасымал, жем-шөп құны және өңірлік айырмашылықтар қалыптастырып отыр.
Өндірушілер статистикасы да қымбатшылықты растайды. Сәуір қорытындысы бойынша тірі салмақтағы ірі қара бағасы бір жылда 15,6 пайызға өскен. Жылқы 9 пайызға, қой 8,8 пайызға қымбаттады. Кей өңірде өсім тіпті жоғары. Мысалы, Абай облысында ірі қара құны бірден 42,1 пайызға артқан.
Нарықтағы басты белгі – баға өсімінің жеделдеуі. Бұрын құрбандық малы жыл сайын біртіндеп қымбаттаса, 2026 жылы өсім қарқыны айқын сезіліп отыр. Құрбан айт жақындаған сайын сұраныс артып, әсіресе қой мен ірі қара бағасы халық үшін ең өзекті мәселенің біріне айналды.
Астанада электр энергиясының тарифін көтеру мәселесі қаралып жатыр. Елордада «Астана-РЭК» компаниясының жаңа тариф бекіту туралы өтінімі бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Шекті бағаны қосылған құн салығынсыз 1 киловатт-сағат үшін 31,18 теңгеден 35,07 теңгеге дейін көтеру ұсынылған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







