Кувейттің ірі ұлттық мұнай-газ компаниясы Kuwait Foreign Petroleum Exploration Company (KUFPEC) Қазақстанның газ саласына инвестиция салу мүмкіндіктерін қарастыруға кірісті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұған қатысты ақпаратты компанияның бас директоры Исса Аль-Мараги Қазақстанның Кувейттегі елшісі Ержан Елекеевпен кездесуде мәлім етті.
Исса Аль-Марагидің айтуынша, компания Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне алдын ала талдау жүргізуді бастап кеткен. Өз кезегінде, елші Ержан Елекеев Қазақстан тарапының ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін растап, компанияға қажетті барлық ақпаратты ұсынуға дайын екенін жеткізді.
Бастама газ саласында маңызды жобаларды жүзеге асыруға серпін беріп, екі ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруі мүмкін. Компанияның әлемдік деңгейдегі тәжірибесі мен мол қаржылық мүмкіндіктері Қазақстанның газ өнеркәсібінің дамуына оң ықпал етеді деген үміт бар.
Айта кетейік, KUFPEC Кувейттің ұлттық мұнай корпорациясы құрамына кіретін, мұнай мен табиғи газды барлау және өндіру бойынша әлемдік деңгейде танымал компания. Компанияның қызметі Австралия, Азия, Африка және Солтүстік Америка сияқты бес құрлықтағы 10-нан астам елді қамтиды. Қазақстан бұл тізімдегі жаңа әрі перспективалы бағыт болмақ.
Айтқандай, енді маркетплейс арқылы тауар сататын кәсіпкерлердің табысы туралы ақпарат енді Мемкірістер комитетіне жіберіледі. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

