1 қаңтардан бастап Ресей Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) төрағалық ету құқығына ие болды хабарлайды Ertenmedia.kz.
Осыған орай Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров арнайы үндеу жариялап, ұйымның алдағы күнгі бағыт-бағдарын жіпке тізіп шықты.
«ҰҚШҰ-ға мүше елдермен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында бірге әрекет етеміз. Ұйымның бас құжатында мемлекеттердің тыныш өмір сүруі, түйінді мәселені дипломатиялық жолмен тарқату және халықаралық құқық нормасын сақтау қағидасы анық бекітілген.
Одақтастармен осы негізде жұмыс істеп, Еуразия құрлығында қауіпсіздіктің жаңа әрхитектурасын бірге қалыптастырамыз.
Одақ елдері қауіпсіздік мәселесін сырт күштің араласуынсыз, өзі шешіп, құрлықтың болашағын өздері анықтауы тиіс», – дейді Лавров.
Мәскеу Бішкектің шешіміне тұмсық тығатын тәрізді
Оның айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы беделді әрі сенімді ұйым. Оның әрекеті ешкімге қарсы бағытталмаған және ешқандай агрессиялық пиғылға жол берілмейді. Ұйым мүшелері барлық шешімді ортақ мәмілемен, өзара құрмет, достық және ынтымақтастық негізінде қабылдайды.
Кремль Бішкектің төрағалығы кезінде қолға алынған бастамаларды әрі қарай жалғастыра отырып, ұйым ішіндегі интеграцияны тереңдетуді көздейді. Лавровтың сөзінен аңғарғанымыз Мәскеу ұйым мүшелерінң санын көбейте түсуге мүдделі.
«ОДКБ-ның басты миссиясы өз аумағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, мүше елдердің алаңсыз дамуы мен өркендеуі үшін қолайлы жағдай жасау. Ортақ үйіміздегі тұрақтылықты сақтап, ұйымды іштен ірітуге, хаосқа жол бермейміз», – дейді Ресей министрі.
Алдағы үш жылда ұйымның әскери әлеуетін арттыруға, ұжымдық күштерді қару-жарақпен қамтамасыз етуге басымдық берілмек. Әсіресе ақпараттық қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінбекші екен. Сондай-ақ ұйымға мүше елдердің қорғаныс өнеркәсібін дамыту және технологиялық көшбасшылыққа қол жеткізу жоспарланып отыр.
«Астана? Тәшкент? Ресейдің төрағалығы кезінде белгіленген жоспарды серіктестер қолдайды деп сенеміз. 2026 жыл нәтижелі әрі табысты жыл болады деген үміттеміз. ҰҚШҰ-ны жаңа, сапалы деңгейге көтерейікші», – дейді Лавров.
Айта кетелік…
Бүгін ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетов ресми түрде өз өкілеттігін аяқтады. Орнына Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадықов тағайындалды. Оның кандидатурасы өткен жылдың қарашасында бекітіліп, бас хатшы қызметіне 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл мерзімге кірісетіні хабарланған.
Имекең ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтарда тағайындалып, Станислав Засьтің орнын басқан еді. Ол бұған дейін Қазақстанда Премьер-министр, Президент әкімшілігінің басшысы және Қорғаныс министрі секілді бірқатар жауапты қызметтерді атқарған болатын.
Бұған дейін Тасмағамбетов өзін ресейшіл деп қаралаған қауымға жауап қатқан еді.

