Елімізде 2027 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың сақтандыру моделіне көшу басталады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia
«Бұл модельдің ерекшелігі – қызметтердің басым бөлігі азаматтар, жұмыс берушілер және мемлекеттің жарналары мен аударымдары есебінен қаржыландырылатын болады: 65% – МӘМС жүйесі арқылы, 35% – республикалық бюджет есебінен. Мақсат – халықтың 90%-ын МӘМС жүйесімен қамту және жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Келер жылдан Бірыңғай медициналық көмек пакеті енгізіледі. Қазіргі таңда облыстағы тұрғындардың 83,1%-ы МӘМС жүйесімен қамтылған. Сақтандырылған мәртебе 6 ай бойы сақталады. Енді МӘМС жүйесіне кемінде 5 жыл тұрақты жарна төлеген азаматтар төлемді уақытша тоқтатқан күннің өзінде 6 ай бойы сақтандырылған мәртебесін сақтап қалады»,- деді сала басшысы.